
Әбдірайымов Ғалымжан Райылұлы
Әбдірайымов Ғалымжан Райылұлы 1965 жылы туылған, ұлты қазақ, білімі жоғары, 1988 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын «инженер-құрылысшы», 2003 жылы «Туран» университетін «заңгер» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1987 жылы Жамбыл облысындағы «Шығыс» колхозында құрылыс учаскесінің мастері болып бастаған.
1991-1998 жылдары Луговой аудандық атқару комитеті жанындағы сәулет-жоспарлау бюросының техник-құрылысшысы, «Алрай» шаруа қожалығының төрағасы, «Альтаир» ЖШС сәулет-құрылыс фирмасының атқарушы директоры,
1998-2002 жылдары Алматы қалалық орталық лицензиялау, сәулет-қала құрылысы қызметінің сарапшысы, бас маманы, бөлім бастығы, директоры,
2002-2003 жылдары Алматы облысы бойынша сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау аумақтық басқармасының бастығы, Астана қаласы бойынша индустрия, сауда және шағын бизнесті қолдау департаменті директорының орынбасары,
2003-2009 жылдары Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бастығы,
2009-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінде басқарма басшысы, департамент директоры – Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылыс инспекторы,
2013-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары,
2014-2015 жылдары Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы,
2015-2017 жылдары Алматы облысы әкімінің орынбасары,
2017-2018 жылдары Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған,
2018 Тараз қаласынің әкімі