Версия для слабовидящих

Хабарландыру

«Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» КММ Үкіметтік емес ұйымдар дерекқорына кезекті есеп кезеңінің 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 наурызға дейін өтуі туралы хабарлайды.

Осыған байланысты жеке мекеме, қоғамдық бірлестік, қоғамдық, корпоративтік және жеке қорлар, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі нысанындағы үкіметтік емес ұйымдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдік және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктеріне ҮЕҰ дерекқорына өз қызметтері бойынша мәліметтерді ұсыну қажет.

«Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» ҚР Кодексіне сәйкес, ҮЕҰ-мен Дерекқорға мәліметтерді ұсынбауы, уақтылы ұсынбауы үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту қарастырылған.

ҮЕҰ Дерекқорына есеп беру бойынша формаларды толтыру туралы ақпарат (https://infonpo.kz/ru/)  сайтында орналастырылған.