Версия для слабовидящих

«Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2018 жылы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебі

«Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2018 жылы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебі

 

«Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы «27» наурыздағы № 272 бұйрығына  сәйкес жер қатынастары саласында келесі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:

«Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту», «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту», «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» және «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру».

2018 жылдың қорытындысы бойынша көрсетiлген мемлекеттiк қызметтердiң саны 2539 құрады, оның iшiнде көрсетiлген мемлекеттiк қызметтер:

— мемлекет жеке меншiкке сататын нақты жер учаскелерiнiң кадастрлық (бағалау) құнын бекiту — 505;

— жер учаскелерiн қалыптастыру жөнiнде жерге орналастыру жобаларын бекiту- 1893;

— жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгертуге шешiм беру — 136;

— iздестiру жұмыстарын жүргiзу үшiн жер учаскелерiн пайдалануға рұқсат беру  — 5;

Көрсетіліп жатқан мемлекеттік қызметтер толығымен «Е-лицензиялау» және халыққа қызмет көрсету орталығы ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі (ХҚКО ЫАЖ) арқылы электронды түрде көрсетіледі.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 4 шілдедегі
№ 285 бұйрығымен  «Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау» және «Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары бекітілген, 2018 жылы Бөлімге аталған  мемлекеттік қызметтер бойынша өтініш келіп түспеген.

Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша халықтың қол жетiмдiлiгi және ақпараттандырылуы мақсатында, мемлекеттiк мекемеде көрнекi ақпаратымен стендтер орналастырылды (стандарттар, өтiнiштердiң үлгiлерi және т.б.). Тараз қаласы әкімінің  ресми сайтындағы «мемлекеттiк қызметтер» тарауында мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарттары, регламенттері, шағымдану тәртiбi, байланыс ақпараты орналастырылды.

Бөлiмде мемлекеттiк қызмет көрсетуге қатыстырылатын компьютерлiк техникалардың барлығы заманауи талаптарына сай келеді және барлық қажетті байланыс желілеріне қосылған, әр маманның электрондық сандық қолтаңбасы бар.

Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша шағымдар жоқ.

Жергілікті тұрғындардың назарына және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында келесі іс-шаралар жүргізілген:

Жергілікті «Жамбыл Тараз» газетіне «Жер қатынастары саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер» атты бір қатар мақалалар жарияланған, «Жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгертуге шешiм беру»  мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.