Версия для слабовидящих

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ТАБИҒИ ГАЗДЫ ТҰТЫНУШЫЛАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

Жамбыл өндірістік филиалы

 

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ

ТАБИҒИ ГАЗДЫ ТҰТЫНУШЫЛАРЫНЫҢ  НАЗАРЫНА!

Газды тұрмыста қауіпсіздік пайдалану және қауіп қатердің алдын алу мақсатында

Ескертеміз!

Үйді жылыту үшін, жылыту газ құралдарын пайдаланғанда, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керек. Газ құралдарын қосар алдында желдеткіш каналының және түтін қуырларының тартуының дұрыстығын тексеріңіздер. Шибер қойылған жылыту құралдарын пайдалануға қатаң тиым салынады. Тартуы нашар немесе мүлдем тартуы жоқ жылыту газ құралдарын пайдалануға тиым салынады. Бөлме ішінде газдың иісі пайда болса, тез арада газ құралдарының шүмектерін жауып, терезелерді және желдеткіштерді қосып, бөлмені желдетіп, «104» телефонына қоңырау шалып апаттық газ қызметін шақырыңыз.

 

Жылыту газ құралдарын қауіпсіз пайдалану мақсатында оларға дер кезінде техникалық қызмет жүргізілмеген болса, сондай ақ түтін және желдеткіш каналдарының күйі тексерілмеген болса жарылыс, өрт, көмір қышқыл газымен улану секілді орны толмас қайғылы оқиғаға алып келуі мүмкін.

 

          Тұрғын үйлерді табиғи газбен қамтамассыз ету жүйелерін техникалық пайдалану ережелеріне сәйкес пәтердің, тұрғын жайлардың арендаға және жалға алушы жекеменшік иелері мыналарды қамтамассыз етуі тиіс:

— түтін және желдеткіш каналдарымен қоса жалғайтын келтеқұбырлар(патрубкаларды),мұржаның ернеуінің күйін уақытылы тексеруді.

— желдеткіш және түтін каналдары жылыту маусымының алдында маусымдық жұмыс істейтін газ құралдары мен аппаратарының мұржалары жылыту маусымының алдында кезеңді тексеруден өтуі тиіс

— кірпіш, асбест цемент, ыстыққа шыдамды бетоннан жасалған арнайы блоктардың мұржалары 12 айда бір реттен кем емес жиіліктегі кезеңді тексеруден өтуі тиіс.

Табиғи газды тұтынушылар жылыту маусымының алдында түтін және желдету каналдарының барлық түрлерін тазалап, тексерулері және газ құралдарына техникалық қызмет жасатулары тиіс.

 

Ережелерді сақтамағаны үшін жауапкершілігі

Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңдылықтарына сәйкес басшылар, мамандар, жұмысшылар және азаматтар тәртіп бұзушылықтың сипатына қарай тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.