Версия для слабовидящих

Конкурс өткізутуралы хабарландыру

Жамбыл облысы кәсіпкерлерінің назарына!

 

Конкурсты ұйымдастырушы: Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы;

Орналасқан жері:Тараз қаласы, Төле би даңғылы, №35, 4 қабат, каб. 407;

Пошталық мекенжайы: 080012;

Электрондық пошта мекенжайы:dkb.otdel@mail.ru,akim_dpp@mail.ru,;

Байланыс телефоны: 43-88-95, 43-89-09.

Конкурс нысанасы:ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға «Бизнестің жол қартасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде (өз бизнесін құруға) мемлекеттік гранттар беру.

Конкурс нысаны: ашық конкурс.

Конкурсқа қатысу үшін өтінім берілетін жер: Тараз қаласы мен аудан әкімдіктерінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімдері.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер көрсетілген мекенжайға өзі, пошта арқылы немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы бекітілген нысан бойынша конкурстық өтінім мен толық құжаттама пакетін береді.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімі: 2018 ж. «18» қазанынан бастап 2018 ж. «1» қарашасы аралығында, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін (жергілікті уақытпен).

Өтінімдерді беру басталатын күні мен уақыты: 2018ж. «18» қазанынан сағат 9.00 (жергілікті уақытпен).

Өтінімдерді беру аяқталатын күні мен уақыты: 2018ж. «1» қарашасы сағат 17.30 (жергілікті уақытпен).

Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылданбайды. Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен www.dppzhambyl.gov.kz сайтында танысуға болады.