Версия для слабовидящих

Қазақстан Республикасының Конституция күні мерекесіне орай жастар арасында спорттық эстафетасының АҚПАРАТЫ

IMG_4977

2018 жылдың 29 тамыз күні «Тараз-Арена» спорт сарайында Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі және Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп Қазақстан Республикасының Конституция күні мерекесіне орай жастар арасында спорттық эстафетасы өткізілді.

 

ІС-ШАРА МАҚСАТЫ

  • Қазақстан Республикасының Конституция күнін атап өту;
  • Жастардың белсенді демалысын ұйымдастыру;
  • тұрғындардың жүйелі түрде дене шынықтыру және спортқа деген қызығушылығын арттыру:

 

ҚАТЫСУШЫ КОМАНДАЛАР

  1. Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті
  2. Қазфосфат
  3. №7 мектеп гимназия
  4. №29 орта мектеп
  5. Жамбыл политехникалық жоғарғы колледжі
  6. Парасат колледжі
  7. Жастар ресурстық орталығы
  8. №39 мектеп гимназиясы
  9. Облыстық жасөспірімдер үй

Қатысушы командалар құрамы 5 адам, 3 ұл+2 қыз, 14-29 жас аралығында. Әр сайыста жеңімпаз командасы анықталды. Сайыста 1-ші болып келген командаға 1 ұпай, 2-ші болып келген командаға 2 ұпай және т.с.с. Барлық сайыста жалпы командалық есепте аз ұпай иеленген команда жеңімпаз атанды. Эстафетаға барлығы 45 адам қатысты.

 

ЖЕҢІМПАЗДАР МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕР

І орын — №39 мектеп гимназия

ІІ орын — Облыстық жасөспірімдер үйі

ІІІ орын — №29 орта мектеп

 

Жеңімпаз және жүлдегер командаларға Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің кубоктары, медальдары, дипломдары және естелік сыйлықтарымен марапатталды.

 

Жарыстың бас төрешісі Т.Баянов