Версия для слабовидящих

ХАБАРЛАНДЫРУ!

YB7B2tp3gf4

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі мен басқару органдарының және күштері мен құралдарының іс-қимылын жетілдіру мақсатында, 2018 жылдың 26-27 шілде күндері Тараз қаласында командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі.        

Тақырыбы: «Тараз қаласы аумағында жойқын жер сілкінісі орын алған жағдайдағы басқару органдарының, авариялық-құтқару қызметтері күштерінің жұмысын ұйымдастыру».

Командалық-штабтық оқу-жаттығудың негізгі мақсаттары:

Басқару органдарының басшы құрамын және Азаматтық қорғаныс қызметтерінің жасақтарын дайындыққа келтіру. Тараз қаласының аумағында жойқын жер сілкінісі болған жағдайдағы басқару органдарының, авариялық — құтқару қызметтері  күштерінің іс-қимылдарын іс жүзінде тексеру;

Тараз қаласының басқару жүйесін, байланыс және құлақтандыру жүйесінің жағдайын тексеру.

Командалық-штабтық оқу-жаттығу барысында ұйымдастырылатын негізгі іс-қимылдар:

  • Тактикалық іс-шаралар көрінісі №32 мектептің аумағында (Жалайыри көшесі, 31) 2018 жылдың 26 шілдесі сағат 11.00-де ұйымдастырылады.
  • 2018 жылдың 26 шілдесі сағат 09.00-де Автокөлік базарының аумағында (Төле би даңғылының соңы) қалалық шұғыл әрекет ету жиынтық жасағы сапқа тұрғызылып, дайындығы тексеріледі.

 

Тараз қаласының әкімдігі