Версия для слабовидящих

Астананың Жамбыл облысындағы күндері

WhatsApp Image 2018-07-22 at 14.25.25 (1)

 

Еліміздің бас қаласының 20 жылдығы құрметіне ауқымды жоба аясында Жамбыл облысында Астананың күндері өтеді. 25-26 шілде күндері Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтары қызықты мәдени бағдарлама тамашалайды, оның ішінде көрмелер, концерттер, спектакльдер де бар. Барлық шараларға кіру тегін.

25 шілдеде сағат 19.00-де «Баласағұн» концерт залының сахнасында «Астанадан ақ тілек» атты гала-концерт өтеді. Кеш бағдарламасында эстрадалық би, «Шалқыма» халық биі ансамбльдері, «Қорқыт» дәстүрлі музыка тобы, классикалық, эстрадалық және халық вокалының солистері өнер көрсетеді. Сонымен қатар, сахна төрінде отандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді. Клара Төленбаева, Күләйым Қайырбаева, Дос, Асқар Жайлаубаев, Di-ArtStyle триосы, Бауыржан Исаев, Ринат Мальцагов және Алмас Кішкенбаев ән шырқайды.

26 шілдеде сағат 19.00-де «Баласағұн»концерт залында Астана қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясының ұжымдары – «Шалқыма» халық биі, эстрадалық би ансамбльдері, қазақ оркестрі, эстрадалық, классикалық және халық вокалы артистері өз өнерлерін ортаға салады.

М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының артистері екі күн бойы Жамбыл облыстық орыс драма театрында өз қойылымдарын көпшілік назарына ұсынады.

25 шілдеде сағат 19.00-де тараздықтар К.Людвигтің «Примадонны» комедиясын көреді. ҚР еңбек сіңірген артисі, режиссер Бекпулат Пармановтың және қоюшы-суретші Қанат Мақсұтовтың қойылымында көрермендер байлардың тыныс-тіршілігімен танысады, қандай да болмасын құпияның бір күні белгілі болатынына көз жеткізеді.

26 шілдеде сағат 19.00-де елордалық актерлер Алехандро Касонның махаббат пен жастық шақ тақырыптарына арналған пьесасы бойынша қойылған «Дикарь. Третье слово» мелодрамасын тамашалауға шақырады. Спектакльде таудағы ауылда өскен дүниетанымы жақсы Паблоның шулы қалада бұрын-соңды білмеген ғажайып сезім сыйлайтын жалған әлеммен танысуы туралы айтылады.

Ал 25-26 шілдеде Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайының көрме залында сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін бүкіл мемлекеттік аралап шығатын «Ақ тілекпен Астана!» көрмесі ұйымдастырылады. Экспозицияға С.Смағұлов, М.Бекеев, Р.Күлбатыров, С.Аллабергенов, Н.Каржасов және т.б. сынды танымал 50 отандық суретшінің 100 үздік туындысы қойылған. Көрмеде Жанна Спунердің жеке коллекциясындағы еңбектерді, сонымен қатар, астаналық шеберлердің картиналары мен мүсіндерін тамашалауға болады. Елордалық көрмеге келушілер отандық қылқалам шеберлерінің өнеріне, шығармашылық әлеуеттеріне өз бағасын береді.Мұнымен қоса, көрмеде Өмірбек Төлеулиевтің «Елім-ай» сериясы көпшілік назарына ұсынылады. Оның жұмыстарынан қазақ халқының өткенімен танысуға болады. Коллекцияны Тәуелсіздік сарайы ұсынады.

 

Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы