Версия для слабовидящих

Еңбек жолы» қалалық байқауы туралы

Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен Тараз қаласы бойынша 3 номинациядан тұратын  «Еңбек жолы» қалалық байқауы өткізіледі.

Байқау 3 номинациядан тұрады:

1) «Үздік еңбек әулеті» — ең ұзақ еңбек өтілі және көп наградалары бар әулеттер таңдалады.

2) «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері»— 20 жыл еңбек өтілі бар ең жоғары нәтижелі тәлімгер таңдалады.

3) «Өндірістің үздік жас маманы»— 5 жыл еңбек өтілі бар, өнеркәсіптің ең белсенді, еңбекқор қызметкері таңдалады.

 

 

«Еңбек жолы» байқауын өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулары

  1. Жалпы ережелері
  2. Осы әдістемелік нұсқаулар «Еңбек жолы» байқауының қалалық

деңгейінде ұйымдастырып өткізуінің тәртібін айқындайды және ең үздік еңбек әулеттерін, өнеркәсіп қызметкерлерін белгілеуіне мүмкіндік беріп, жастарды еңбекті құрметтеу мақсатында тәрбиелеуге бағытталған. Байқау қоғамда Еңбек адамының мәртебесін жоғарлатып және «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» аясында еңбек өнімділігін ынталандыруға бағытталған.

  1. «Еңбек жолы» байқауының (әрі қарай-Байқау) өткізілуінің мақсаты:
  • «Қазақстанның әлеуметтік модернизациясы: жалпыға ортақ еңбегіне

жиырма қадам» Мемлекетіміздің Елбасының бағдарламалық мақаласын нәтижелі жұзеге асыруын қамтамасыз ету, ұрпақ жалғастығын сақтап қалу;

2) Кәсіпорындар мен мекемелерде жаңа еңбек әулеттерін қалыптастыруға жағдай жасап, еңбек адамдарына  деген позитивтік қоғамдық пікірін қалыптастыру;

3) Қазақстандықтардың Қазақстан Республикасының экономикасының дамуына еңбек үлесін қосқан отандастарға деген мақтанышын тәрбиелеу.

  1. Байқауға кәсіпорындардың барлық қызметкерлері (салаға қарамастан) қатыса алады. Байқаудың өткізілуі туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға тиісті.
  2. Байқау 3 номинациядан тұрады:

1) «Үздік еңбек әулеті» — ең ұзақ еңбек өтілі және көп наградалары бар әулеттер таңдалады.

Ескерту

Байқауға барлық меншік нысандарына қарамастан кәсіпорындардың еңбек әулеттерінің өкілдері қатыса алады.

Еңбек әулеті – бір кәсіпорынның қызметкерлерінің тобы, бір отбасының жақын туыстарының ұрпақтары (немерелері немесе балалары, ерлі-зайыптылар), қазіргі кезде еңбек ететін, сол кәсіпорында 20 жылдан кем емес еңбек өтілі барлар. Әулеттің басшысы болып еңбек қызметін бәрінен бұрын бастаған еңбек әулетінің өкілі табылады.

Еңбек әулеті қаланың қоғамдық өміріне белсенді қатысып, жастарды кәсіби бағдарлауға ықпал көрсетіп, өз мамандығын насихаттау.

2) «Өндірістің үздік жас маманы» — 5 жыл еңбек өтілі  бар, өнеркәсіптің ең белсенді, еңбекқор қызметкері таңдалады.

3) «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» — 20 жыл еңбек өтілі бар ең жоғары нәтижелі тәлімгер таңдалады.

  1. Байқау 2 кезеңмен жүргізіледі:

1 кезең өңірлік деңгейінде жүргізіледі:

  • қалалық деңгейінде ең үздік еңбек әулеті айқындалады;
  • облыс жеңімпаздары қалалық деңгейіндегі ең үздік еңбек әулеттерінің арасынан айқындалады;

2 кезең облыстық жеңімпаздардың арасында республикалық деңгейінде өткізіледі;

  • облыс жеңімпаздары презентацияларын, бейнероликтерін ұсынады;
  • облыс жеңімпаздарының тапсырған материалдарымен танысады.
  1. Салтанатты марапаттау ағымды жылы Астана қаласында «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы» Республикалық форумын өткізу күні жүзеге асырылады.

 

2.Байқау комиссиясы

 

  1. Өңірлік деңгейде жеңімпаздарды іріктеу үшін жергілікті ақтарушы органның жанынан комиссия (әрі қарай – өңірлік комиссия) құрылады.
  2. Жеңімпаздар осы әдістемелік нұсқаулықтың қосымшасындағы критериилер бойынша анықталады.
  3. Өңірлік комиссия құрамы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, облыстық еңбек инспекциясы және аймақтық кәсіподақ бірлестіктері, облыстық кәсіпкерлер палатасы өкілдерінен құрылады және оның төрағасы мен хатшысы тағайындалады.
  4. Комиссия төрағасы жалпы бақылауды және комиссия қызметін басқарады. Талас тудырған сұрақтар болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
  5. Хатшы Комиссия қабылдайтын шешімдер шығарады және комиссияның техникалық қызметін үйлестіреді:

1) байқауға қатысушылардың құжаттарын қабылдау;

2) комиссия отырысын ұйымдастыру;

3) комиссия отырысының хаттамасын рәсімдеу және байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздың құжаттарын қалыптастыру;

4) жеңімпаздардың құжаттарын Республикалық комиссияға жолдайды.

  1. Комиссия шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және хаттамамен рәсімделеді.
  2. Байқауға қатысуға тапсырыс беру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан басталады.
  3. Байқауға қатысушыларға осы нұсқаулықтың 17 тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау туралы ескертпе беріледі.
  4. Байқауда ең көп балл жинаған қатысушы конкурс жеңімпазы болуға құқығы бар.
  5. Республикалық комиссия дауыс беру қорытындысы бойынша ең көп балл жинаған жеңімпазды анықтайды.

 

3.Өңірлік және Республикалық байқауға ұсынатын құжаттар

 

  1. Байқауға қатысу үшін келесі құжаттар ұсынылады:

1) номинацияны көрсете отырып, байқауға қатысу туралы  еркін түрде жазылған өтініш;

2) жеке куәліктің көшірмесі;

3) номинация тақырыбында 1-3 минуттық (жұмыс орны мен біліктілігін көрсететін) бейнеролик;

4) 1-3 минуттық (Microsoft Power Point қалыбындағы) компьютерлік презентация;

5)еңбек кітапшасының көшірмесі немесе  еңбек әулетінің әр мүшесінің еңбек өтілін растайтын жұмыс орнынан анықтама;

Келесі құжаттардың көшірмесі болған жағдайда:

6) жұмыс берушіден немесе кәсіподақтан ұсыным хат;

Мемлекеттік немесе ведомстволық наградалар, грамоталар, алғыс хаттар;

Біліктілікті арттыру сертификаты (болған жағдайда).

Байқауға қатысуға құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілінде ұсынылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Еңбек жолы» байқауын

өткізу әдістемелік

нұсқаулығына қосымша

 

 

«Еңбек жолы» байқауының жеңімпазын анықтау Критерииі

 

«Үздік еңбек әулеті» номинациясына:

  1. еңбек әулетінің барлық мүшелерінің мемлекеттік және ведомстволық наградаларының, сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару органдарының грамоталарының, алғыс хаттарының саны;
  2. еңбек әулетінің мүшелерінің және олардың туыстарының жалпы саны;
  3. конкурсқа қатысуға өтішін берген күнге дейінгі әулет басшысының еңбек жолы басталғаннан бастап әулет өкілдерінің жалпы еңбек өтілі;

 

«Өндірістің үздік жас маманы», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясына:

 

  1. Өз кәсіби біліктілігіне қосқан үлесі;
  2. Өз жұмысына деген ар тазалығы;
  3. Ұйымдастырушылық және коммуникативтік қасиеттерінің болуы;
  4. Жұмысы үшін бірнеше марапаттарының болуы (дипломдар, грамоталар, алғыс хаттар);
  5. Бастамашылық ұсыныстарының болуы;
  6. Кәсіби қызметтен тыс шығармашылық қызығушылығының болуы;
  7. Білім деңгейі, оны арттыруға деген құлшынысы;
  8. Жұмыс орнындағы жеке үздік жетістіктері;
  9. Өз жұмысының сапасы;

 

Жоғарыда көрсетілген критериилерді сақтамаған жағдайда Комиссия байқауға қатысушылардың құжаттарын қайтаруы мүмкін.