Версия для слабовидящих

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне арналған ардагерлер арасында кіші футболдан қалалық турнирінің АҚПАРАТЫ

IMG_2047

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне арналған

 ардагерлер арасында кіші футболдан қалалық турнирінің

АҚПАРАТЫ

 

 

2018 жылдың 1 мамыр күні Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі және Жамбыл облыстық әуесқойлар футбол лигасы бірлесіп Тараз қаласындағы  «Айбек-Арена» стадионында «1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне арналған ардагерлер арасында кіші футболдан қалалық турнир» ұйымдастырып, өткізді. Турнирге барлығы 8 команда, 1968 жылы туылған және жоғары жастағы 70 ардагер спортшылар қатысты.

Қалалық турнирдің басты мақсаты:

— 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесін спорт арқылы атап өту;

— ардагерлер арасында саламатты өмір салтын насихаттау және достықты нығайту.

Командалар арасындағы тартысты бәсекеде жеңімпаздар мен жүлдегерлер келесідей орындарға жайғасты:

1 орын — «Намыс» ардагерлер командасы

2 орын — «Әулие-Ата» ардагерлер командасы

3 орын — «Жайдар» ардагерлер командасы

Жеңімпаз және жүлдегер командалар Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі тарапынан дипломдар, медальдар, кубоктар және естелік сыйлықтармен марапатталды.