Версия для слабовидящих

Мерейлі отбасылар байқауы

 

«Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсы

 

«Мерейлі отбасы-2018» Ұлттық конкурсының қалалық турының басталғанын хабарлаймыз

 

Конкурстың ұйымдастырушысы Тараз қаласының әкімдігі.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер Қазақстан Республикасы Үкіметтің 2014 жылғы 5 наурыздағы «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидаларын бекіту туралы» №181 қаулысына сәйкес Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөліміне конкурстың басталғаны туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап бір ай ішінде беріледі.

Конкурсқа қатысуға өтінім мынадай құжаттармен бірге беріледі:

1) ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;

2) асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін — жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;

3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);

4) ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі — бар болса;

5) балаларды тәрбиелегені үшін алған көтермелеулердің, белгілі бір жетістіктері үшін алған көтермелеулердің бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

6) балалардың, ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жұмыс (оқу) орнынан анықтамалар және мінездемелер;

7) ұсынымдар (әріптестерінің, көршілерінің, достарының);

8) отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері.
Конкурстың облыстық турына қатысушыларды іріктеуді қаланың әкімі басқаратын конкурстық комиссия жүзеге асырады.

Толық ақпаратты қала әкімдігінің ішкі саясат бөлімінен немесе қала әкімдігінің ресми сайтынан алуға болады.

Анықтама телефондары: 8 (7262) 45-12-16, 45-38-91.