Версия для слабовидящих

» Наурыз-2018″ мейрамының баспасөз парақшасы

» Наурыз-2018″ мейрамының баспасөз парақшасы

 

Наурыз мерекесі   «Көрісу» күнімен басталады. Аптаның әр күні «Мейірім күні», «Тағзым күні», «Алас күні»,  «Наурыз шашу күні» «Ынтымақ күні», «Шаттық күні», «Үйлесім күні» болып белгіленген. Әр күн атауына сәйкес Баласағұн орталық концерт залы, «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығының «Достық» үйінің алдында, мешіттерде, саябақтарда әр түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады.

16 наурыз «Тағзым күні»  қаланың мешіттерінде ата-бабалар рухына арнайы құран бағыштау рәсімдері, отан қорғаушылар ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою шаралары өткізіледі.

17 наурыз «Алас» күні «Бұлақ көрсең-көзін аш» айдарымен қалалық сенбілік өткізіледі. Қаланың кәсіпорындары мен мекемелері, оқу орындары, қоғамдық бірлестіктер мен жастар ұйымдары өздеріне бекітілген көшелер мен  саябақтарда санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізеді, тал-дарақтар отырғызады.

18 наурыз  «наурыз шашу»күні  Сүлейменов көшесінің бойында киіз үйлер тігіліп, алтыбақандар орнатыла бастайды. Төмендетілген бағамен ауылшаруашылық жәрмеңкесі  өткізіледі.

20 наурыз «Шаттық» күні қалалық перзентханаларда  осы күні дүниеге  келген балалардың ата-аналарын құттықтау өткізіледі.Қала ішінде жүретін қоғамдық көліктерде халыққа мерекелік көңіл күйді қалыптастыруға себеп болатын нақылдар, ұлағатты сөздер, мерекелік құттықтаулар ілінеді.

 

Негізгі іс-шаралар 21 наурыз күні орталық «Достық» алаңында мәдени-ұлттық орталықтардың көрмесінен бастау алады. Театрландырылған көріністерге 800-ден аса адам қатысса, концерттік бағдарламаға 100-ден аса әртістер мен би ұжымдары қатысады.

«Атшабар» алаңында 15 киіз үй тігіліп,алтыбақан орнатылады, ұлттық ойындардан жарыстар (қой көтеру, асық ату,ләңгі тебу, кір тасын көтеру және т.б) ұйымдастырылады, жиналған көпшілікке  қайырымдылық акциясы аясында наурыз көже,  ыстық бауырсақ таратылады.

Кешке орталық алаңда   қаланың өнер жұлдыздарының концерті болып, соңынан отшашу болады.

 Тараз қаласы әкімінің баспасөз қызметі