Версия для слабовидящих

Ауылшаруашылығы тауарын өндірушілер назарына!

Ауылшаруашылығы тауарын өндірушілер назарына!

 

2018 жылдан бастап субсидиялау процесінің автоматты жүйеге көшуіне байланысты және мемлекеттік жер кадастрының деректеріне сәйкес, Сіздер ауыл шаруашылығы мақсатына арналған егістік жерлеріңізді электрондық ақпараттық жүйеге енгізулеріңіз қажет. Егер егістік жерлеріңізді электрондық ақпараттық жүйеге енгізбеген жағдайда субсидиялар (тыңайтқыш, гербицид, тұқым және т.б.) алу мүмкін емес.

Ол үшін, ең бірінші Халыққа қызмет көрсету орталығынан электронды цифрлы қолтаңба (ЭЦҚ) кілтін аштыру, үйге электронды пошта аштыру және егістік жерлеріңіздің мемлекеттік актілерін қалалық «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша – Жер кадастры және жылдымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінен (МБТИ), архитектурадан және Әділет басқармасынан тексертіп тіркеуге тұрғызу қажет. Осы құжаттар толық болғаннан кейін Minagro.kz сайтына тіркелу қажет.

Қосымша ақпаратты Тараз қаласы, 7 (Самал) мөлтек ауданы №14 үй, 2а пәтерде орналасқан Тараз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінен немесе 31-83-50 телефондары арқылы алуға болады.