Версия для слабовидящих

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі  жыл сайын 31 наурызға дейін ҮЕҰ Дерекқорына әр ұйым өзінің қызметі туралы мәліметті ұсынуы тиіс екендігін және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына енгізілген өзгерістерге сәйкес (ҚР Қаржы министрінің 2017 жылғы 22 желтоқсандағы №739 бұйрығы) ҮЕҰ Дерекқорында мәліметтері жоқ әлеуетті өнім берушілер мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен қарастырылған мемлекеттік сатып алуға қатысуға жіберілмейтінін хабарлайды.

Қосымша ақпаратты 45-94-13 телефоны арқылы және infonpo.kz сайты арқылы алуларыңызға болады.

Сондай-ақ «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» ҚР Кодексіне сәйкес, ҮЕҰ-мен Дерекқорға мәліметтерді ұсынбауы, уақтылы ұсынбауы үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту қарастырылған.