Версия для слабовидящих

Тараз қаласы- алып құрылыстар алаңына айналады

3-620x330

Мақсат Нұржанов, Тараз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімінің басшысы

 

Шын мәнінде де шаһарымыз соңғы жылдарда алып құрылыстар алаңына айналды деуге толық негіз бар. Басқаны былай қойғанда, екі бірдей шағын аудан тұрғызылды. Бұл бірнеше жүздеген көпқабатты тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар, мыңдаған тұрғындарға қуаныш сыйлаған қоныс тойлары деген сөз. Қалада құрылыс жұмыстары қыз-қыз қайнауда. Мұндай жұмыстар биыл да өз үрдісінен жаңылмайды. Бұған үстіміздегі жылдың алғашқы тоқсанының өзінде жүзеге асырылған шаруалар толық айғақ бола алады.

Атап айтқанда, биыл тұрғын үй құрылысына республикалық бюджеттен (Ұлттық қордан) 1 412,972 миллион, облыстық бюджеттен335,762 миллион теңге  қаражат бөлініп отыр. Онымен «Арай» тұрғын алқабының 14 гектар жер теліміндегіекі, «Қарасу» шағын ауданындағы көппәтерлі 1, Сүлейменов көшесінің жаңа тұрғынжай алқабындағы 14 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары қаржыландырылуда. Аталған тұрғын үйлердің жобалық сметалық құжаттары, мемлекеттік сараптамалары дайындалған.

Осы орайда несиеге берілетін тұрғын үй құрылысына республикалық бюджеттен

1 371,028 миллион  теңге  қаражат бөлінгенін де айта кету ләзім. Бұл қаражатқа «Арай» тұрғын алқабының 14 гектарлық жер теліміндегі тұрғын жай кешенінде бірқатар жаңа үйлер бой көтеретін болады. Бүгінде олардың құрылыс жұмыстары «Агроспецстрой»,  «Талас Құрылыс»,  «Таразстрой — 2004»,  «Жамбылхимстройинженеринг», «Аль Аркаржан» ЖШС-тері секілді мердігерлік ұйымдар күшімен жүргізілуде. .

Ал инженерлік инфрақұрылымдарды дамытуғабайланыстыреспубликалық бюджеттен 4 038,223 миллион теңге, қоса қаржыландыруға облыстық бюджеттен453,913 миллион.теңге қаражат бөлінді. Бұл ретте Сүлейменов көшесінің соңындағы тұрғын алқабының магистралдық және ішкі кварталдық инженерлік желілерінің құрылысын, кәріз, сыртқы және жылу желілерін салу, басқа да жұмыстар жүргізу қарастырылған. «Автобекет» маңындағы 14-ші шағын ауданында да осындай жұмыстар жүргізілу үстінде.  «Құмшағал» алқабында сервистік су құбырлары желісінің құрылысы қолға алынды.

Облыстық  бюджет есебінен қаржыландырылумен «Бәйтерек» шағын ауданындағы сорғы станцияларын,сусіңгіш желілерін қайта құру, бірқатар телімдеріндегі ішкікварталдық жолдарды, тротуарларды, аялдамаларды, арық желілерін салу және абаттандыру нысандары құрылыстарын монтаждау, басқа да  жұмыстар жүзеге асырылатын болады.

Тағы бір атап өтерлік жай, қазіргі уақытта «Салтанат» шағын ауданынында 1000, «Бәйтерек» шағын ауданында 1200, «Шөлдала»  алқабында 900 орындық мектептер ғимараттары салыну үстінде. Қаладағы №24 гимназияның 300 орынға арналған қосымша ғимаратының құрылысы жүргізілуде. Бұдан бөлек, «Барысхан» алқабындағы 600 орынға арналған орта мектеп құрылысының жобалық сметалық құжаттамасы дайындалуда. Аталған білім беру нысандарын салуға республикалық бюджеттен 1 608,063 миллион, облыстық бюджеттен 259,103 миллион теңге қаражат бөлінген.