Версия для слабовидящих

Тараз қаласының сипаттамасы

 

Ежелгі Тараз қаласы Ұлы Жібек жолы бойындағы ірі әкімшілік орталығы  болып табылған. Оның өсуі мен өркендеуі әйгілі сауда жолының тарихымен тығыз байланысты. Ежелгі Тараз Еуразия тарихында ең маңызды халықаралық сауда, қолөнер, ғылым және мәдениет орталықтарының бірі ретінде баға жетпес рөл атқарды. Тараз қаласы  туралы алғашқы ақпарат қытай дерек көздері бойынша біздің ғасырға  дейінгі І ғасырды қамтиды   және Қазақстан аумағында алғашқы мемлекеттердің бірі болған   Қаңлы бірлестігінің саяси тарихымен байланысты.

Тараз туралы ортағасырлық көптеген географтар, тарихшылар мен саяхатшылар жазды. Ол түргештердің, қарлұқтардың және қарахандардың кезінде ірі әкімшілік орталығы  және олардың астанасы болған.

Қала Ұлы Жібек жолы бойында орталықтардың бірі болып,  оның өсуі мен өркендеуі, бай сауда және мәдени дәстүрлері әйгілі сауда жолымен тығыз байланысты.

Тараз өзіне тек саудагерлерді ғана емес тартып қана қоймай, мұнда әртүрлі ұлттар мен өркениеттердің рухани мәдениеті де қарқынды дамыды.

Археологтар жасаған қазба жұмыстары  қалада тұрғын үй ғимараттарының және сауда аулалардың біздің эрамыздың Х ғасырда  болғандығын растады. Мұнда су және кәріз жүйелері мен кітапхана болған. Тараздағы қазба жұмыстары кезінде VI-VIII ғасырдағы монументалды бекіністер мен  IХ ғасырдағы зороастрийцтердің  ғибадатханасы, ХІ ғасырдың моншасы және  басқа да бірегей ескерткіштері табылған. Қарахан кесенесі және Дәуітбек сынды тарихи орындар бүгінде тәу етер қасиетті орын болып саналады.

1856 жылы қала  Қараханидтердің билеушісі Қараханның құрметіне «Әулие Ата»  деген атқа ие болды.  1938 жылдан бастап қазақтың ұлы ақыны Жамбыл атын иемденді.

1997 жылдың  8 қаңтарында  Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен қалаға өзінің бастапқы атауы Тараз қайтарылып,  тарихи сабақтастығы қалпына келтірілді

2002 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Тараз қаласының 2000 жылдығы тойланып, салтанатты іс-шаралар өтті.

 

Қала картасы

Тараз қаласы Жамбыл облысының ірі әкімшілік және мәдени орталығы болып табылады және Қазақстанның оңтүстігіндегі Талас-Аса оазисі мен Қырғыз жотасының етегiнде орналасқан.

Қалада 100-ден астам ұлт пен ұлыстың өкілдерінен құралған   326113 адам тұрады.

Қалада  20-дан астам   ұлттық-мәдени орталықтар жұмыс жасайды.  27 мешіт пен екі Православтық шіркеу бар.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 ақпандағы  №113 қаулысымен қаланың аумағы 5954 гектарға  өсіп,  18 787 гектарды құрады.

 

Қаланың жаңа шекарасына  6 елді мекен  (Құмшағал, Көлтоған, Қызыл-Абад, Казарма , Шөлдала және Учхоз), 50 қала маңындағы саяжайлар, шаруа қожалықтары мен басқа да нысандарды енгізілді.

Бүгінде  Тараз облыстағы  динамикалық дамып жатқан қала. Соңғы жылдары қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруы  индустриялық-инновациялық саясаттың белсенді жүзеге асырылуы, қолайлы инвестициялық ахуал, импорт алмастыруды  дамыту, отандық және шетелдік ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалану арқылы жаңа өндірістер мен салалардың ашылуымен байланысты.

 

Қазіргі заманғы Тараз жаңа нарықтық кезеңде аяғын нық басқан жан-жақты, мол  мәдени мұрасымен  облыстың  әкімшілік және мәдени орталығы болып табылады.

Қолайлы ауа-райы, жерінің құнарлығы, инфрақұрылымы дамыған және маманданған қызметкерлерімен инвестиция құюына өте қолайлы  аймақ болып саналады.

 

 Өнеркәсіп

Аймақта фосфорит шикізат қорларынның бар болуы  фосфат өнеркәсібін дамытуда отыз жыл бойы алдығы қатарда көрінуіне ықпал етті. Қазіргі уақытта, өнеркәсіп өндірісі өндірілген өнім  үлесінің  үштен бірін құрайды. Ішкі нарық және экспорт мүмкіндіктерінің нақты әлеуетін ескере отырып, қолда бар өндірістік қуаттар сары фосфор, натрий триполифосфаты, минералды тыңайтқыштар қазіргі уақыт пен болашақта сұранысты қанағаттандыру үшін жеткілікті болып табылады.

        

 

«Қазфосфат» НДФЗ ЖШС-нің Жамбыл филиалы — бұл сары фосфор (жылына 85 мың тонна сыйымдылығы) және құрамында фосфоры бар  натрий триполифосфатын (жылына 86 мың тонна.), фосфор қышқылын  (жылына 120 мың тонна) өндіретін ірі химия зауыты.

Тараз филиалы «Қазфосфат» ЖШС минералды тыңайтқыштар —                ауыл шаруашылығына қажетті фосфоразотты  минералды тыңайтқыштарды,(жылына 123 мың тонна), суперфосфатты  (жылына 193 мың тонна), жем-шөпке қажетті   трикальцийфосфатын (жылына 70 мың тонна) өндіретін химия зауыты. Өнімнің басты тұтынушылары Қазақстан, Қытай, Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан, Ауғанстан, Украина және басқа да елдерде шоғырланған.

«Тараз металлургия зауыты» ЖШС ферроқорытпалар (жылына 30 мың тонна) және электрод пастасын (жылына 130 мың тонна) өндіретін еліміздегі жалғыз кәсіпорын.

 

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу өнеркәсібі — қаланың өнеркәсіп өнімінің шамамен 40%-ын өндіретін азық-түлік өнеркәсібінің дамуының басты бағыттарының бірі. Мемлекеттік аграрлық «Ауыл» азық-түлік бағдарламасы  ет, сүт өнімдері, қант, ұн жармалары, жем-шөп көлемінің артуына елеулі үлес қосты.

Қант, алкогольсіз сусындар, нан, макарон және кондитерлік, сүт өнімдерін, шұжық және балық өнімдерін, жеміс-көкөніс консервілерін шығаратын  30-дан астам ірі, орта және шағын кәсіпорындар тамақ өнеркәсібінің өнімдерін өндірумен айналысады.

Тамақ өнеркәсібіндегі  жетекші салалардың бірі қант өнеркәсібінің дамуы  Қазақстандағы қызылшаны өндірумен (1932) тығыз байланысты болып табылады. «Қант» АҚ-ның   қант өндірудегі  жылма-жыл тиімділігінің  артуы қант қызылшасының шикізатымен  бірге Бразилия, Куба, Гватемала және Сальвадордан импортталатын  қант қамысы өндірістің көлемін көбейтеді.

Қалада металлургия өнеркәсібі мен металл өңдеу  кәсіпорындары тұрақты жұмыс атқаруда. 1967 жылы негізі қаланған «Имсталькон» АҚ Жамбыл металл зауыты Қазақстан мен көршілес елдердің нарығында   болат конструкцияларды  дайындауда  және оларды орнатуда алдыңғы орында.

Өндіріс орнында 100 және  20 мың текшеметр мұнай шикізатын, мұнай өнімдерін, су және басқа да сұйықтықтарды сақтайтын  болат тік цилиндрлі резервуарларды өндіретін екі қуатты қондырғы бар.Зауыттың жылдық қуаты 20 мың тоннаны құрайды.

«Құрылыс құрылымдары зауыты» ААҚ  — жылына 20 мың тоннаға дейін монтаждау құрылымдарын  өндіретін алдыңғы қатардағы  металл өнеркәсібінің саласы болып табылады. Зауытта  резервуарлар дайындайтын озық  технология, дайындалу кезеңінде уақытты үнемдеп, шығынды азайтатын флюс қабатындағы заманауи автоматты дәнекерлеу қолданылады.

Қалада жеңіл өнеркәсіптің қуатты өндірісі —  жүн жуатын, ірі қара мал терісін, сондай-ақ, былғары және аяқ киім өндіретін  (ЖШС «ПОШ фабрикасы», «Тараз Кожобувь» ЖШС) орналасқан.

Тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы  құрылыс саласын одан әрі дамытуға серпін берді. Қалада құрылыс материалдары —  «Жамбылгипс» ЖШС-де гипсополимер мен гипсократон, плиталар, «Ғимарат Тараз», «Керамик Инвест», «Жамбылхимстрой» ЖШС-де   құрылтай блоктар мен бетон блоктар,темірбетон өнімдері, блоктары, пластикалық терезелер мен есіктер  өндіретін өндіріс жолға қойылған.

Қолданыстағы нысандар негізінде шыны өндіріс қарқынды дамып отыр. САФ Шыны кәсіпорнының  «Оңтүстік3» филиалында фармацевтикалық және тамақ өнеркәсібі үшін қажетті шыны ыдыстарды өндіру  іске қосылған. Кәсіпорын заманауи жабдықтармен жабдықталып, қайта құрылған. Шыны өндіру тәулігіне қуаттылығы 55 тоннаға дейін өсіп, шығарылатын өнімнің ауқымы айтарлықтай кеңейтілген.

Қаладағы 147 кәсіпорында  ISO 9000:2000 сапа менеджменті жүйесі енгізілген,  сонымен қатар 10 кәсіпорында  оны жүзеге асыру жөніндегі жұмыстар аяқталуда.

Электр жүйесі

2011 жылы облыста жалпы электр энергиясын тұтыну сағатына 3,3 млрд. кВт. құрады,  соның ішінде  «ЖЭС» ЖШС сағатына 938,6 млн кВт өндіріп, 2010 жылмен салыстырғанда 18,1% өсті.

2011 жылы облыста  жалпы энергия өндірісі сағатына 1230 млрд кВт құрады, «Жамбыл ГРЭС» АҚ-ның  үлесі сағатына 868,1 млн кВт. болып табылады, ал 2010 жылмен салыстырғанда  22,3%  өсті.

«Жамбыл ГРЭС» АҚ электр энергиясын өндіру жобасы сағатына  7,38 млрд. кВт. Жоба бойынша негізгі отын – газ, резервтегі – мазут. Нақты отын шығыны сағатына 349 г / кВт.        

Жамбыл ГРЭС-і Қазақстанның оңтүстігін ғана емес, сондай-ақ өңірден  тыс аймақтарды кернеуі 110-220-500 кв.шаршы электр энергиясымен қамтамасыз ете алады.

Жамбыл ГРЭС-нің  іске қосылуымен Оңтүстік Қазақстанды электр энергиясымен қамтамсыз ету  сенімділігі артты.

Станция  4 блокты ауысымды жұмыс кестесімен жұмыс істейді. Жұмыс кестесінің қажеттілігіне байланысты станция 5 блокты ауысыммен жұмыс істей алады.

Бүгінде, «Жамбыл ГРЭС» АҚ  450 МВт газ-мазутты жүктемесімен 3 ауысымда жұмыс атқарады. Сонымен қатар, табиғи газ шығыны сағатына 28 мың текше метр, мазут сағатына  102 тонна шығындалады.

ҚР Үкіметінің  30.11.2011 жылғы №1316 қаулысымен оңтүстік аймақтағы  электр энегргиясын шектеудегі әлеуметтік шиеленістің алдын алу және электр энергиясын тұтыну  бағасының көтерілуіне байланысты Жамбыл ГРЭС үшін отын сатып алуға 3,0 млрд теңге қаржы бөлінді.

75 мың тонна көлемінде мазут отынын сатып алу және жеткізу бойынша келісім-шарт жүзеге асырылып, толығымен орындалды.

«ЖЭС» ЖШС «Жамбыл облысының электр желілерін 2015 жылға дейін дамыту болашақта 2020 дейін» атты  2010-2012 жылдарға арналған инвестициялық бағдарлама әзірленген.

Үш жыл көлемінде көзделген жалпы инвестициялық  1,7  млрд теңге соманың  2011 жылы кассалық орындалуы 583,8 млн теңгені құрап,  кәсіпорынды  қайта жаңарту және жаңғыртуды  жүзеге асыру үшін  негізгі және қосалқы жабдықтар сатып алынды.

Бұл шаралар «ЖЭС» ЖШС облыста тұтынушыларға электрмен жабдықтау сенімділігі мен сапасын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік берді.

2011 жылы, «ЖЭС» ЖШС желілерінде 138 екінші дәрежелі    технологиялық бас тарту  болды , 2010 жылмен салыстырғанда  38,2% төмендеді. Сонымен қатар 2010 жылы тұтынушыларға электр энергиясын бермеуі сағатына 409 мың кВт.құрады, бұл осы кезеңімен салыстырғанда 28,6% -ға төмен.

Алдыңғы  жылдардағыдай, 2011 жылы негізгі құрал-жабдықтар мен электр беру желілерін жаңғырту және жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атқарылған жұмыстың нәтижесі бойынша 2009 жылы 20,4% , 2010 жылы 18,09%, 2011 жылы 17,38% -ға дейін шығындардың төмендеуі болды.

2011 жылы Үдемелі индустриялық-инвестициялық дамыту шеңберінде жылына энергия үнемдейтін  жарық диодты 5000 шамдар шығаруды бастады.

2010 жылдың ақпан айынан бастап, біз, АРЕМ және  Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен, Жамбыл облысында электр энергиясын бақылау және есептеудің  автоматтандырылған жүйесі (АСКУЭ) енгізілді.

Бүгінде кәсіпорынның  есебінен және қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жеке келісім-шарттарды жасау арқылы 20 мыңға жуық  қашықтықтан деректерді бақылайтын электресептегіштер орнатылған.

АСКУЭ жұмысында  біз қолданатын принцип электр желісі 0,4 кВ құрайтын (PLC-технологиясы) құрылғы арқылы  деректерді  беру және жинақтау, GSM арнасы арқылы электресептегіштердегі ақпаратты өңдеу орталығына жіберу  болып табылады.

АСКУЭ есептеу жүйесі енгізілген аудандарда 2010 және 2011 жылдары электр энергиясындағы  үстеме мөлшердегі шығындарды    жою мүмкін болды. Сондай-ақ, біз бұрын коммуналдық секторында шамамен 30-40%-ды құрайтын, жекеменшік секторда  35-45% құрайтын нақты шығындарды анықтау мүмкіндігіне ие болдық.

Қазіргі кезде АСКУЭ жүйесін енгізу арқылы коммуналдық секторда            7-8% -ға дейін, ал жеке секторда 15% -ға дейін шығындар төмендеді.

Оңтүстік өңірде экологиялық таза энергетика біртіндеп көндігуде. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлер күн батареяларын өндіріске енгізіп, биогаз қондырғыларының  әлеуетін пайдалануда. Ал, қордайлықтар желді энергиясын толығымен қолдануда. Сонымен бірге,  мемлекет гидроэлектрстанциялары мен  күн технологиясы құрылысына инвестицияларды ынталандырады.

Жаңартылатын энергияларды  дамыту және пайдалану мақсатында   2011 жылдың 5 желтоқсаннан бастап Қазақстандағы алғашқы  желді пайдаланатын өндіріс нысаны  «Исен-Су» салған қуаты 1,5 МВт құрайтын  Қордай жел электр станциясы пайдалануға берілді.

2011 жылы Т.Рысқұлов ауданындағы  қуаттылығы 2,1 МВт Қарақыстак ГЭС-і,   және Шу ауданындағы  қуаттылығы  9,2 МВт Тас-Өткел ГЭС-і қаржыландырылып, құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру басталды.

Жоғарыда айтылған екі ГЭС-ті  2012 жылдың 4 тоқсанында пайдалануға беру жоспарланып отыр.

2012 жылдан  2016 жылға дейін  облыста қуаттылығы  57 МВт 10 ГЭС нысандарының және қуаттылығы 623 МВт 4 ЖЭС нысандарының құрлысы жоспарланып отыр.

Келесі кезекте  бірінші кезеңінің тәжірибелік  нәтижелерінің негізінде Жамбыл ауданындағы орнатылған қондырғының  қуаттылығын 2000 МВт арттыру көзделіп отыр.

2010 жылы Жамбыл облысы әкімдігінде ВИЭ ны дамыту үшін «Жамбыл гидро» МКК  құрылып, қазіргі уақытта бірқатар қызықты жобалармен жұмыс істейді.

Меркі шатқалының тау өзенінде қазірдің өзінде үш шағын гидроэлектрстанциясы бар деп,-Жамбыл облысы әкімдігінің коммуналдық шаруашылықты энергиямен қамтамасыз ету басқармасының бас маманы Құдайберген Қорғанбаев газетте хабарлады. —  Олардың бірі қуаттылығы 1,5 МВт (2 МВт жалпы ескі сыйымдылығы) жақында салынды.Өткен жылы Т.Рысқұлов ауданында қуаттылығы 2,1 МВт болатын гидроэлектрстанциясына қаржы тартылып, құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру басталды.Оның құны жобамен миллиард теңгеге бағаланып отыр.

Шу ауданындағы Тасөткел су қоймасында қуаттылығы 9,2 МВт ГЭС  пайда болады. Жоба бір миллиард теңгеге бағаланып отыр. Осы нысандарды пайдалануға енгізу ағымдағы жылдың төртінші тоқсанына жоспарланып отыр.

Гидроэлектрстанциялардың өтелу мерзімі 8 жылдан 12 жылға дейін болуы мүмкін. Олар өзіндік құнынан , қуаттылығынан, жылына шығаратын энергия көлеміне және мемлекет тарапынан қолдау көрсету деңгейіне байланысты.

ГЭС жұмыс тұрақты деп атауға болмайды. Ол өзендерде судың көлеміне  байланысты. Су азайған кезде (желтоқсан-наурыз) энергия өндіру азаяды, су көбейген кезде  (мамыр-қазан) артады. Дегенмен, бағыт келешегі бар деп саналады.

2016 жылы облыста қуаттылығы 57 МВт 10 ГЭС-тің  құрылысы жоспарланып отыр. Бұлар  Шу, Талас, Меркі, Қарақыстақ, Теріс, Аспара  өзендерінде және  басқа да су айдындарында  пайда болады деп күтілуде.

Сондай-ақ, жел энергиясы да  мамандардың назарын аудартуда. Сөз жүзінде ғана емес. «Изен-Су» кәсіпорны жақында Қордайда біржарым «жасыл» мегаватттық  жел қондырғыны іске қосты.

Алдағы жылдары Жамбыл облысында жалпы қуаттылығы 623 МВт Жаңатас маңында, Шу ауданының Шоқпар ауылында,Қордай ауданының Мұзбел және Қордай тау асуларында жел электр станциясы пайда болады. Жел электр станциясының гидроэлектрстанциясымен салыстырғанда артықшылығы, жұмысы бірқалыпты, себебі жел кез келген уақытта соғуы мүмкін.

Салынған құрылыс нысандары арқылы алынатын барлық электр энергияны қолданыстағы заңнамаға сәйкес, кәсіпорын өздерінің ресурстарымен бірге  негізгі электр қуатының   жалпы желісіне беруге міндетті.

Күн электр станциясы

Облыстық энергетика басқармасының мәліметтеріне сәйкес, Жамбыл ауданындағы Айша бибі «Жамбыл» қосалқы станция аумағында қуаттылығы 24 МВт күн электр стансасын салу жоспарланып отыр. Болашақта оның  қуаттылығын  2000 МВт-қа дейін арттыруға  болады.

Жобаны  «Valido international Consultancy Services» кәсіпорны салуды жоспарлап отыр. Ол техникалық-экономикалық негіздемесі және жобалық-сметалық құжаттарын, iздестiру жұмыстарын қаржыландыратын болады деп күтілуде.

Мысалы, Баварияда Орталық Азия өңіріне қарағанда 30 пайызға электр энергиясын аз қолданса да көптеген мемлекеттерде өте танымал фотогальваникалық қондырғылар қолданады.Күн қондырғыларының артықшылығы  олар бұлтты ауа райында жұмыс істейді екен.

Әзірге, энергетиканың  бұл түрі өте қымбат болып саналады, бірақ жыл сайын күн технологияларының тиімділік коэффициенті  арттырылып, жыл санап жетілдірілуде.

2011 жылы Жамбыл облысында жалпы электр энергиясын тұтыну сағатына 3,3 млрд кВт және энергиясын өндіру сағатына 1,032 млрд кВт құрады, — дейді Құдайберген Қорғанбаев. – Бүгінде  облысымыз солтүстік өңірден энергияны алғандықтан,  тапшылық көрмей отыр.

Егер, Жамбыл облысы өзінің энергетикалық қажеттіліктерін өтеуді дамытса, болашақта ол өзінің шығынан жауып қана қоймай, басқа аймақтарды да қамтамасыз етеді. Алдын-ала бағалау бойынша  өңірдегі электр энергиясы құрлысының жаңартылған көздері шамамен төрт мың жаңа жұмыс орны ашылып,  пайдалану кезеңінде  жүзден астам болады.

 

Тұрғын үй — коммуналдық шаруашылық, жолдар және құрылыс.

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында қазақстандықтардың тұрғын үй мәселесіне баса назар аударылады. 6 жыл ішінде бізде  қосымша «Астана» және «Бәйтерек»   2 мөлтек аудандары соғылып, сонымен қатар, жеке тұрғын үй құрылысы үшін инженерлік коммуникациясы жүргізілген  жер телімдері бөлінді.Тұрғын үй құрылысын дамытуға арналған Ммемлекеттік бағдарлама шеңберінде 1711 пәтер, оның ішінде 1048 ипотекалық және 663 тұрғын үй-коммуналдық пәтерлер  пайдалануға берілді.

«Бәйтерек» мөлтек  ауданында құны 586 млн теңге болатын  жалға берілетін екі 5-қабатты 70 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Ағымдағы жылы «Астана» мөлтек  ауданында  9-қабатты 32 пәтерлі жалға берілетін тұрғын үйдің және «Бәйтерек» мөлтек ауданында                 5-қабатты 70-пәтерлік тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр.

«Бәйтерек» мөлтек ауданында  бес қабатты 70 пәтерлік ипотекалық үй пайдалануға берілді. Ағымдағы жылы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ есебінен 512 млн теңге көлемінде  екі 9 қабатты 32-пәтерлі ипотекалық үйлер, 12 диірмен аумағында  5-қабатты тұрғын үйді  пайлануға беру жоспарланды.

Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға 1 млрд. 160 млн.теңге бөлінді. Осы  қаражат есебінен «Бәйтерек» мөлтек ауданындағы тұрғын үйлердің  кварталдар арасындағы жылу желілерінің,  су, кәріз, электр жүйелерінің құрылыс жұмыстары жүргізілді. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 59 көп пәтерлі  үйлерге күрделі жөндеу жүргізілді. «Жол жылы» деп жарияланған 2011 жылы 10 көшеге күрделі жөндеу , 7 көшеге  орташа жөндеу үшін  1 млрд.180 млн. теңге бөлінді.

«Көне Тараз» қоғамдық қорының қаражаты  есебінен 243 млн.теңгеге  «Һибатулла Тарази» Орталық мешіті және медресе ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Әлеуметтік-кәсіпкерлік әріптестіктің аясында 100 көпқабатты үйлердің  ауласы абаттандырылды.

Қала тұрғындарына толыққанды демалыс және ойын-сауықты қамтамасыз ету үшін  «Тараз қаласының саябақтары» бағдарламасы бойынша  54 млн теңге бөлінді. Қазіргі уақытта Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс», Қ.Рысқұлбеков, Т.Рысқұлов саябақтарында, «Саяси қуғын-сүргін құрбандары», «Атшабар», «Абай» саяжолдарда, «Түлектер» және «Жастар» аллеясында су бұрқақтар жөнделіп, жүргіншілер тротуарының плиталары, бордюрлар, қоқыс жәшіктері және орындықтар орнатылған.

Қаланың тарихи келбетін сақтау мақсатында, Абай даңғылы мен Қазыбек би көшесінің қиылысында «Садақшы», Төле би даңғылының бойында «Айша бибі», «Қобызшы қыз», «Керуен», Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің саябағы маңында «Ақбота»ң Абай даңғылы мен  Байзақ батыр көшесінің қиылысында  «Ана мен бала», Қ.Рысқұлбеков саябағында «Алтын балық», Әуежай маңында «Қобызшы ата», Абай даңғылы мен Көшеней көшесінің қиылысында  «Томирис»  архитектуралық нысандар  орнатылды. Ағымдағы жылы біз бұл жұмысты жалғастыратын боламыз.

Облыстық әкімдік алдындағы аллея ,Тұңғыш Президент саябағы, темір жол вокзалының маңындағы «Майская роща» саяжолы абаттандырылады. «Атшабар» саяжолдағы Ауған соғысы жауынгерлеріне арналған «Даңқ монументі», Былғары комбинаты аумағындағы «Мәңгілік алау» жаңа келбетке ие болады.

Қала жастары Әль-Фараби көшесінде орналасқан жаңа роликдромда  сырғанауға мүмкіндік алады. Көне Тараз шаһарының қонақтарын  105 шақырым тоғысында орналасқан жаңартылған арка қарсы алады.

Көлік және байланыс

Аймақтың өндірістік және географиялық дамуы —  Қазақстанның  Оңтүстік және Оңтүстік-Шығысын, республиканың орталық және солтүстік-шығыс бөлігін көршілес елдермен  жалғаған Шу қаласындағы  темір жол желісі мен ірі көлік торабы көлік және коммуникация инфрақұрылымын айқындады.

Экономиканың  дамуындағы маңызды рөлді  жергілікті, қалааралық және халықаралық телефон, ұялы радиобайланыс, телевизиялық және дыбыстық бағдарламаларды беру қызметін ұсынатын Жамбыл облыстық телекоммуникациялар дирекциясының «Қазақтелеком» ААҚ атқарады.

Телекоммуникация саласында жұмысы ескірген АТС-терді сандық станцияға  ауыстыру жалғасуда. 10 DAMA ұлттық спутниктік байланыс жүйесі жұмыс істейді.

Облыс бойынша  автомобиль жолдардың жалпы ұзындығы 4117 км-ді құрайды, оның ішінде  республикалық маңызы бар жолдар 847 км. Қала аумағында  Қырғызстан, Қазақстан және Өзбекстан Республикасы байланыстыратын республикалық маңызы бар Алматы-Бішкек, Алматы-Ташкент-Термез автомобиль жолдары өтеді.

2009 жылы мемлекет аумағында және Жамбыл облысында «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» автомобиль жолдарының құрылысы басталып, 2013 жылға қарай аяқталатын болады.  Жолдың жалпы ұзындығы 8445 км. құрайды, оның ішінде  2787 км. Қазақстан  аумағында (Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстары).

Жолдың асфальтті-бетонды қабатының қалыңдығы 80 см, қызмет ету мерзімі күрделі жөндеусіз  — 25 жыл,  көліктің барынша жылдамдығы  сағатына 120 шақырым. Жоба бойынша өзен арқылы өтетін көпірлер, жол-техникалық қызмет көрсету кешендері, аялдамалар, авто павильондар, мал өтетін өтпелер, электрондық тақталар кірген.

Қала бойынша 53 бағыттағы  жолаушыларды тасымалдауды  653 автобус паркімен 13 көлік кәсіпорындары жүзеге  асырады. Өткен жылы 60 жолаушылар тасымалдалдайтын автобустар сатып алынған, сондай-ақ биыл  75 жаңа автобус сатып алу жоспарлануда.

Білім

Қалада 2011 жылы 53 орта мектеп, 35 мектепке дейінгі және 22 шағын орталықты  қамтамасыз ету үшін 9,5 млрд теңге игерілді. Оқушылар саны 51036 адамды құрады. Өткен жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша 86,5 құрап, облыстағы аудандар бойынша  төртінші көрсеткіш болып табылды. Сонымен қатар, 37 оқушы 120-125 балл алды. Облыс бойынша №45 гимназия тестілеуде үздік нәтиже көрсетті.

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мекемелерінде  15 763 мектеп жасына дейінгі бала қамтылған, балабақша кезегінде  23 922 бала тіркелген. Өткен жылы бұл мәселені  шешу үшін «Балапан» бағдарламасы бойынша 327,0 млн. теңге бөлініп, 1310 орын ашылды.

Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік арқылы 60 орындық «Аннет-А»,  90 орындық «Аққайың» балабақшасы, 75 орындық «Балбөбек»  және 45 орындық «Сағи-Жарқын»  шағын орталықтар, «Солнышко Тараза» балабақшасынан қосымша  150 орын және «Сәби-жан» балабақшасынан  қосымша 100 орын  ашылды.

Мәдениет және спорт

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес, қалада салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 12 шағын спорт алаңдары пайдалануға  берілді.

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес қаланың 10 ауданында мобильді топтар ұйымдастырылған.

Қала тұрғындарының  рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру және  бос уақытын тиімді өткізу мақсатында 371 мәдени іс-шаралар ұйымдастырылп, 600 мыңнан астам адам қатысты. Әсіресе, Наурыз, Қазақстан халқы бірлігі, Ұлы Жеңістің 66 жылдығы, Қала күні, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы және  Жаңа жылды қарсы алу салтанатты түрде аталып өтті.

Инвестициялар

Соңғы жылдары аймақта  инвестициялық қызметтің даму үрдісі байқалды. Инвестициялар құрылымында негізгі капиталға құралдарды жаңарту және модернизациялауға бағытталған кәсіпорындар мен ұйымдардың үлестік және борыштық қаражаты басым. Иинвестициялық саясат бәсекеге қабілетті өнімдер өндіретін  салалардағы инвестициялық жобалар мен  жеке меншік күрделі салымдарды ынталандыруға бағытталған.

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде «Энерджи-Тараз» және «Тараз-Тарту» ЖШС екі инвестициялық жобаны іске асырды.

Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру үшін 2012 жылы 11,5 млрд теңгеге  5 жоба жоспарланып отыр. Мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру үшін, сондай-ақ инженерлік желілерді салу және қайта жаңарту және қалалық инфрақұрылымды дамыту бойынша бюджеттен қаржыландырылады, Бас жоспарды әзірлеу жұмыстары аяқталып, қала құрылысының  мемлекеттік кадастры өңделуде.

 

Қаржы секторы

Қаланың банк жүйесі республиканың ірі коммерциялық банктердің 15 филиалдарына ұсынылған. Сақтандыру  саласының нарығы  өмірді жазатайым оқиғалардан сақтандыру, көлік құралдарын, тауарларды, азаматтық және кәсіби жауапкершілік қызметтерін ұсынады. Лизингтік қызметтер нарығы арттырылуда.  Ипотекалық кредит беру және халықтың тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі кеңінен дамыған.

Шағын бизнес

Бүгінде шағын бизнес қала экономикасының дамуына, халықты жұмыспен қамту мәселесін шешуде  және тауарлар мен қызметтердің отандық нарығын толтыру үшін, индустриялық-инновациялық даму процесіне белсенді үлес қосады. Қазіргі кезеңде Таразда 22 689 бизнес нысандар тіркеліп, 16684 немесе 74,3% белсенді жұмыс жасауда.

2011 жылы жеке кәсіпкерлер 91 млрд өнімін өндіріп, бюджетке 11,6 млрд.теңге салық төлемдері төленді. Мемлекеттік бюджетке түсетін салықтың   36% кірісін  шағын кәсіпорындар құрайды.

 «Бизнестің 2020 —  жол картасы» бағдарламасы  аясында  екінші деңгейдегі банктерде   25 жоба қарастырлды, оның ішінде   11 жоба 5,2 млрд.теңгеге қаржыландырылды. Жыл сайын, жергілікті бюджет қаражаты есебінен қала үшін маңызды әлеуметтік жобаларды қаржыландырылады. Коммерциялық банктердің және микрокредиттік ұйымдардың шағын бизнес салаларына кредит беру көлемі ұлғаюда. Қалада шағын бизнесті дамытудың  арқасында өндірістік объектілер, қазіргі заманғы сауда орталықтары, кинотеатрлар және ойын-сауық орталықтары ашылған.

Баға, инфляция

Инфляцияның деңгейі  2011 жылы 8,6% -ды құрады. Атап айтқанда, азық-түлік бағасы —  8,3%, азық-түлік емес өнімдер —  5,6%, ақылы қызметтер — 2,3%, -ға өсті.

Есепті кезеңде 14 мың 47 адам тіркеліп,  жұмыссыздық деңгейі 7,3% -ды құрады. қалада орташа айлық жалақы 69 526 теңге, өсім 14,1%  болыд, өмір сүрудің  орташа құны  13 687 теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 19,2% -ға артық болды.

Сыртқы экономикалық қызмет

Кәсіпорындар мен ұйымдар арқылы  әлемнің 52 елдерімен сауда операциялары жүзеге асырылды.

Негізгі сыртқы сауда серіктестер Ресей, Қырғызстан, Үндістан, Қытай, Польша, Италия, Германия, Бразилия, Куба, жақын және алыс шет басқа елдер болып табылады.

Импорт құрылымында ең көп үлес химиялық өнімдер —  сары фосфор, натрий триполифосфаты, минералды тыңайтқыштар, фосфор қышқылы, ауылдық және  тоқыма өндірісі, ұн, ұн өнімдері. Импорт құрылымында  химия өнеркәсібі өндірісі,  қант шикізаты, машиналар мен жабдықтарды өндіру ірі көлемі құрайды.

Бүгін біз, өнеркәсіптік базаны дамыту мен және кәсіпкерлікті насихаттауға, барлық салаларда оның әлеуетін кеңейтуге ұмтыламыз.

Шетелдік кәсіпкерлер мен бизнесмендердің  бізге  қызығушылығын қолдап, ұзақ мерзімді және жемісті  ынтымақтастыққа шақырамыз.