Версия для слабовидящих

Қазақстанда базалық мөлшерлеме бұрынғы 9% деңгейде қалды

2018 жылғы 9 шілдеде Қазақстан Ұлттық Банкі +/-1% деңгейдегі пайыздық мөлшерлемелер дәлізімен базалық мөлшерлемені 9% деңгейде сақтау туралы шешім қабылдады. Өтімділік беру мен алу операциялары бойынша мөлшерлемелер тиісінше 10% және 8% деңгейде сақталған.

Ресми қайта қаржыландыру ставкасы да базалық мөлшерлеме деңгейінде сақталған-9%. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық Банкінің төрағасы Данияр Ақышев Алматы қаласында телевизиялық БАҚ үшін брифингіде сөз сөйлеген кезде хабарлады.

Ол Қазақстан Ұлттық Банкінің инфляция деңгейінің және инфляциялық күтулердің біртіндеп баялауын атап өтетінін айтты.

«Базалық мөлшерлеменің деңгейін сақтау туралы шешім көп жағдайда инфляциялық тәуекелдерді іске асыруға ықпал ететін факторлардың әсеріне байланысты болды. Осындай тәуекелдер әсіресе сыртқы секторда және бюджет саясатында байқалады», — деді Д. Ақышев.

Базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешім 2018 жылғы 3 қыркүйекте Астана уақытымен сағат 17:00-де жарияланады.

 

 

 

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон бойынша алуына болады:

+7(727) 704 585

e-mail: press@nationalbank.kz

www.nationalbank.kz