Версия для слабовидящих

Тараз қаласының әкімі Н.С.Календеровтің «2016 жылдың I-ші жартыжылдығында өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы» мәслихат депутаттары алдындағы есебі

IMG_0749

Тараз қаласының әкімі Н.С.Календеровтің

«2016 жылдың I-ші жартыжылдығында өзіне

жүктелген функциялар мен міндеттердің

орындалуы туралы» мәслихат депутаттары

алдындағы есебі

12 тамыз 2016 жыл, сағ. 15,00

Құрметті депутаттар!

Қадірменді қауым!

Бүгін Сіздермен жартыжылдықта атқарылған жұмыстарды саралап, алдағы міндеттер мен белестерді айқындау үшін жиналып отырмыз.

Слайд 1. Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өткен жылдың 30 қарашасында ел дамуының негізгі бағыттарын айқындайтын Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялады. Елбасы өз Жолдауында жаңа жаҺандық ахуал талабына сай әрекет етудің жолдарын көрсетті. Еліміздің үдемелі және сенімді дамуын қамтамасыз етудің жаңа міндеттерін нақтылады.

Сонымен бірге, Республика Президентінің бастамасымен елімізді әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосу мақсатында қабылданған бес институционалдық реформа аясындағы «100 нақты қадам» — Ұлт жоспарының практикалық кезеңін жүзеге асырудың жолдары айқындалды.

Слайд 2. Бағыт-бағдарымыз белгіленген маңызды құжаттарды орындау мақсатында Үкімет тарапынан «Нұрлы жол» және индустрияландыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға, шағын және орта бизнесті дамытуға, «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы аясында жұмыспен қамтуды және іскерлік белсенділікті арттыруға басымдық беріліп, белсенді шаралар жүргізілуде.

Жыл басынан өңірлердің дамуын ынталандыру үшін тұрғын үй құрылысын жандандыруға және инфрақұрылымдық жобаларды жеделдетуге ауқымды қаржы қарастырылып, іске асырылуы айрықша назарға алынды.

Сондықтан, алда атқарылатын жұмыстар осы міндеттерді іске асыруға бағытталуы тиіс.

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен жергілікті мәслихат депутаттарының сайлауы – ағымдағы жылдың басты саяси оқиғасына айналды. Сайлау кезінде Тараз жұртшылығы да белсенділік танытып, дауыс беруге қатысқан азаматтардың 73,8% Мемлекет басшысы төрағалық ететін «Нұр Отан» партиясын қолдап, өз таңдауларын жасады. Қалалық мәслихат депутаттары да толығымен «Нұр Отан» партиясымен ұсынылған кандидаттардан жасақталды. Сайлау — еліміздің таңдаған даму жолының дұрыстығын айқындап берді, атқарылып жатқан істердің халық мүддесіне сай келетінін көрсетті.

Жоғарыда айтылғандай, экономиканы ынталандыру мен тұрғындардың әлеуметтік игілігіне бағытталған шаралар өңірімізде табысты жүргізілуде. Бұл, қаламыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізіп отыр.

Слайд 3. Есепті кезеңде өнеркәсіп өндірісінің көлемі 96 млрд. 627,9 млн. теңгені немесе нақты көлем индексі 100,1%-ды құрады. Өткен жылмен салыстырғанда 9 млрд. 639,5 млн. теңгеге артық өнім өндірілген. Халықтың жан басына шаққандағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 265,3 мың теңге болып қалыптасты.

Өндірілген өнім құрылымының басым бөлігі  өңдеу өнеркәсібінің үлесіне тиесілі, онда 70 млрд. 711,5 млн. теңгеге өнім өндіріліп, нақты көлем индексі 103,3%-ды құрады.

Слайд 4. Өңдеу өнеркәсібінің негізгі құраушысы болып химия саласы табылады. «Казфосфат» ЖШС-нің Жаңа жамбыл фосфор зауыты және минералды тыңайтқыштар зауытымен жалпы 41 млрд. 849,9 млн. теңгенің өнімдері өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 136,6%-ды құрап отыр.

Сонымен қатар, тамақ өнеркәсібінде 69,8%-ға және жеңіл өнеркәсіпте 160%-ға өсу қарқыны байқалуда. Өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда, осы салалардағы қаланың негізгі кәсіпорындары «Орта азиялық қант корпорациясы» АҚ-ы 19 млрд. 630,9 млн. теңгеге немесе 112,7%-ға,  ал «ТаразКожОбувь» ЖШС-і  323 млн. теңгеге немесе 260%-ға өсім көрсетіп отыр.

Слайд 5. Жалпы салық түсімдері мен басқа да міндетті төлемдердің  мемлекеттік бюджеттегі  өнеркәсіп саласының үлесі 21,9%  немесе 3 млрд. 343,1 млн. теңгені құрады (2015 жылы – 21,1% немесе 2 млрд. 533,7 млн. теңге). Қала бюджеті бойынша өнеркәсіп саласының үлесі 22,9% немесе 899,5 млн. теңгені құрады (2015 жылы – 21,0% немесе 774,5 млн. теңге).

Слайд 6. Ағымдағы жылы құны 10,0 млрд. теңгені құрайтын 3 индустриялдық жобаны іске асыру жоспарланып отыр, онда 95 жаңа жұмыс орындары ашылатын болады. Атап айтсақ: «Казфосфат» ЖШС-нің «Минералды тыңайтқыштар зауыты» Тараз филиалы экстрационды фосфор қышқылын өндіретін ЭФК-1 технологиялық жүйесін қайта жаңғырту жұмыстарын аяқтайды. Жобаның құны 7 млрд. 700 млн. теңге, қуаттылығы жылына – 220 мың тоннаны құрайды.

«Жамбылгипс» АҚ-ы құрғақ құрылыс қоспаларын және гипс бұйымдарын өндіретін жаңа цехтің құрылысын және қайта жаңғырту жұмыстарын аяқтайды. Жобаның құны 1 млрд. 715 млн. теңге, қуаттылығы жылына – 270 мың тонна. 50 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарлануда.

«Бағұл» ЖШС-і дәнекерлеу электродын шығарудың өндіріс қуаттылығын кеңейтуді жоспарлап отыр, жобаның құны 585,5 млн. теңгені құрайды. Жылдық қуаттылықты 2 мың тоннаға жеткізіп, 45 жаңа жұмыс орындары ашылуы жоспарлануда.

Слайд 7. Бұдан бөлек, қазіргі таңда «Казфосфат» ЖШС-нің жаңа жамбыл фосфор зауыты филиалы жеке қаражаттары есебінен құны 1 млрд. 100 млн. теңгені құрайтын 2 жобаны Индустрияландыру Картасына енгізу бойынша жұмыстар жүргізуде. Олар, 2016 жылдың соңына дейін іске асырылатын құны 200,0 млн. теңге құрайтын түйіршікті фосфор-калий тыңайтқышын шығаратын өндіріс орнының құрылысы және 900 млн. теңге құрайтын ауа бөлгіш қондырғыны қайта жаңғырту жобалары. Бұл жобалардың тиімділігі өндіріс шығындарын азайтумен және өндірістегі қатты қалдықтарды қайта өндеумен ерекшеленеді.

Слайд 8. Шағын және орта бизнестің өркендеуі қала экономикасының дамуында маңызды рөл атқарады.

Қалада бүгінгі күнге 30815 шағын және орта бизнес  субъектілері тіркелсе, оның ішінде 24 749-ы жеке кәсіпкер, 5254-і шағын және 37-і орта кәсіпорын субъектілері. Шағын, орта бизнес субъектілерімен өндірілген өнім көлемінің үлесі 8 млрд. 722 млн. теңгені құрап, жалпы өнеркәсіп кәсіпорындарымен өндірілген өнімнің 9%-ын құрады.

Слайд 9. «Бизнестің жол картасы — 2020» бизнесті қолдаудың және дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында субсидиялау тетігі бойынша 2 млрд. 844 млн. теңгеге 26 жоба аймақтық үйлестіру кеңесімен мақұлданып, несие берілді. Осы бағдарлама аясында қаржыландырылған жобалар арқылы қосымша 169 жаңа жұмыс орындары ашылуда.

«KazMicroFinance» Микрокредиттік ұйымы» ЖШС-і  арқылы жыл басынан бері 2293 субъектіге 903,0 млн. теңгеге несие берілді.

Слайд 10. Есепті кезеңде негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 24 млрд. 447,6 млн. теңгені немесе нақты көлем индексі 124,8% құрады. Инвестициялардың жалпы көлеміндегі шаруашылық субъектілерінің өзіндік қаражаттарының үлесі 15 млрд. 764,4 млн. теңге немесе 64,4%,  бюджеттік салымдар —  5 млрд. 555,0 млн. теңге немесе 22,7%, несиелер және басқа да қарызға алынған қаражаттар – 3 млрд. 128,2 млн. теңге немесе 12,8% құрады. Халықтың жан басына шаққандағы негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 67,1 мың теңге болып қалыптасты.

Слайд 11. Ағымдағы жылдың өткен 6 айында бөлшек сауда тауар айналымының көрсеткіші 79 млрд. 876 млн теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 14 млрд. 117,6 млн. теңгеге өсіп отыр. Көтерме сауда тауар айналымының көлемі 60 млрд. 350,5 млн. теңгені құрады. Халықтың жан басына шаққанда бөлшек  сауданың  көлемі  219 мың теңге және көтерме сауда тауар айналымының көлемі 166 мың теңге болып қалыптасты.

Слайд 12. Есепті кезеңде мемлекеттік бюджетке 15 млрд. 242 млн. теңге салық және басқада міндетті төлемдер түсіп, жылдық жоспар 112%-ға орындалды. Оның ішінде республикалық бюджетке 5 млрд. 692 млн. теңге түсіп, 110,6%-ды құрады, ал жергілікті бюджетке  9 млрд. 550 млн. теңге түсіп, 112,6%-ды құрады. Қала бюджетінің өзіндік кірістері бойынша  3 млрд. 922 млн. теңге түсіп, жоспар 110,2%-ға орындалды.

2016 жылы бюджеттің шығыс бөлігі трансфертерді қоса есептегенде 17 млрд. 836 млн. теңгені құрап, 97,9%-ға игерілді.

Слайд 13. Экономикалық өсімді қамтамасыз етудің тиімді құралы — тұрғындардың иелігіндегі мүлікті жария ету болып табылады. Осыған байланысты ағымдағы жылы 1784 арыз тіркеліп, оның 15 млрд. 282,8 млн. теңгені құрайтын 1716 құжатқа мүлікті жария етуге оң шешім қабылданды, 68 құжат кері қайтарылды.

Қазіргі таңда тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін, кең ауқымды жекешелендіру жұмыстары жүріп жатқаны белгілі, осы мақсат аясында қаламызда бірқатар істер атқарылуда. Өткен жылы Тараз қаласы әкімдігіне қарасты  1 млрд. 742 млн. теңгеге «Жамбыл-Тараз» газетінің редакциясы» 10%, «Жасыл Ел-Тараз»  ЖШС-і 51%, «Орталық диспечерлік қызмет» ЖШС-і 51%-ға жекешелендірілсе, «Болашақ» және «Рауан» сауықтыру лагерлері сенімді басқаруға берілді. Ал, ағымдағы жылы «Тараз тұрғын үй» ЖШС-нің 51%-ы 3 жылға сенімді басқаруға берілді.

Құрметті депутаттар!

Слайд 14. Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес, 2016 жылға 6-дан 8 пайызға дейін инфляция өсімі белгіленген. Ағымдағы жылдың 6 айында баға және тұтыну тауарлары мен қызмет көрсету тарифтері  4,8%-ды құрады, оның ішінде азық-түлік тауарлары 4,2%-ға, азық-түлік емес тауарлар  4,4%-ға,  ақылы қызметтер тарифі 5,8%-ға өскен.

Слайд 15. Қазіргі таңда, инфляция деңгейін тұрақтандыру аясында қалада  әлеуметтік маңызды азық-түлік, азық-түлік емес тауарларының және ақылы қызметтердің бағаларын негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында жұмысшы топ қызмет атқарады. Жыл басынан бері, бағаны тұрақтандыру және негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында өнім өндіруші және сауда мекемелерімен 254 меморандумға қол қойылды. Бүгінгі күнге 36 ауылшаруашылық жәрмеңкелері ұйымдастырылып, 230 тоннаға жуық азық-түлік тауарлары нарық бағасынан 15-20 пайызға төмен сатылды. Облыстың тұрақтандыру қорынан 3021 тонна ұн қаладағы наубайханаларға арзан бағамен жеткізіліп,  қамтамасыз етілді.  Сонымен қатар, қаланың 5 ірі сауда орындары және «Тараз сауда-саттық компаниясының» 10 сауда павильондары арқылы  аз қамтамасыз етілген отбасыларға күніне 1000 дана тегін нан таратылуда.

Слайд 16. Жергілікті атқарушы органдарының алдында тұрған негізгі міндеттерінің бірі — бірде-бір жұмыс орнының қысқартылмауы, жұмысшылардың әлеуметтік және еңбек құқықтары мен кепілдігін қамтамасыз ету және өндіріс барысында жергілікті өнімдерді тұтынуды дамыту және қазақстандық үлесті қамтамасыз ету болып табылады.

Тапсырманы орындау үшін  2016 жылы қазақстандық үлесті қамтамасыз ету мақсатында 583,0 млн. теңгені құрайтын 62 меморандумға, жұмысшылардың әлеуметтік және еңбек құқықтары мен кепілдігін қамтамасыз ету бойынша 205 меморандумға қол қойылып, 6542 жұмыс орындары сақталды.

Слайд 17. Әлеуметтік сала, қала бюджеті шығысының 70,0% немесе 22 млрд. 919,7 млн. теңгені құрайды. Оның ішінде, жұмыспен қамту мәселелерін  шешуге  және  әлеуметтік  қамтамасыз етуге 1 млрд. 754,4 млн. теңге қарастырылған.

Есепті кезеңде 306,6 млн. теңгеге 14462 азаматқа әлеуметтік көмек көрсетілді, оның ішінде 8,6 млн. теңгеге 535 адамға атаулы әлеуметтік көмек, 6701 отбасына 109,6 млн. теңгеге тұрғын үй көмегі, 2761 отбасына 98,2 млн теңгеге 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін жәрдемақы, сонымен қатар жекелеген санаттағы 4465 азаматтарға 90,2 млн. теңгеге жергілікті атқарушы органның шешімімен әлеуметтік көмектер көрсетілді. «Өрлеу» бағдарламасы аясында 166 отбасына 16,4 млн. теңге шартты ақшалай көмек төленді.

Слайд 18. Қазіргі уақытта жұмыссыздық деңгейі 5,4%, кедейшілік деңгейі 0,3%, ең төменгі күнкөріс деңгейі 19 537 теңге, орташа номиналды айлық жалақы 93 839 теңгені құрады.

Слайд 19. Жыл басынан бері белсенді жұмыспен қамту шараларымен 3117 азамат қамтылды, оның ішінде 352 адам мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар аясында іске асырылып жатқан жобалар бойынша, 1648 адам мемлекеттің қолдауынсыз бос орындарға, 45 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 731 адам қоғамдық жұмыстарға, 200 адам жастар тәжірибесі бойынша жұмысқа орналасса, ал 141 адам кәсіптік даярлау оқуымен қамтылған.

Уәкілетті жұмыспен қамту органына ресми түрде жұмысқа орналасу мәселесімен 2827 адам өтініш білдірсе, оның 2245 адамы немесе 79,4% жұмысқа орналастырылды. Жұмысқа орналастырылған мүгедектер саны 74 адамды құраса, оның 32 адамы тұрақты жұмыспен қамтылды.

Слайд 20. Қаладағы жалпы білім беретін 58 мектептің 2535 сыныбындағы 60 588 оқушыны 5386 мұғалім оқытады.

Білім беру саласының негізгі сапалы көрсеткіші ұлттық бірыңғай тестілеу болып саналады. Жалпы 2123 мектеп бітіруші түлектердің 1473-і ҰБТ-ға қатысты немесе 69,4%. Тестілеу қорытындысы бойынша тест тапсырған мектеп бітірушілердің орта балы 85,1 құрады немесе облыстық көрсеткіштен 6,4 балға жоғары. Қалалық мектептер арасында үздік көрсеткішті Б.Момышұлы атындағы №45 гимназия көрсетсе, аталған гимназияның оқушысы Көбеев Сұлтан ең жоғарғы 124 – балды иеленді. 22 оқушы «Алтын белгі» белгісінің иегері атанса,  26 оқушы үздік аттестат алды.

Слайд 21. Мектеп жанынан ұйымдастырылған 58 лагерьлерде 10 күннен екі ауысымда жазғы демалыспен 19542 оқушы қамтылды. Өткен жылмен салыстырғанда мектеп жанындағы лагерьлердегі бала саны 7246-ға артып отыр. Сонымен қатар, қала сыртында орналасқан сауықтыру лагерьлерінде аз қамтылған отбасының 3600 баласы жеті ауысым бойынша демалып, сауықтырылуда (2015 ж. – 3550 бала).

Қалада 65 мемлекеттік және 24 жекеменшік мектепке дейінгі білім беру мекемелері қызмет атқарады, онда 17941 бала тәрбиеленуде. 1 мен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі білім беру тәрбиесімен қамту 63%-ды, 3 пен 6 жас аралығындағы баларды қамту 82,3%-ды құрайды.

Жалпы мектепке дейінгі мекемелердің ішінде 24 жекеменшік ұйымдарында 2852 бала тәрбиеленуде немесе 19,8%.

Слайд 22. Ағымдағы жылы мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткішін 870 орынға өсіру жоспарланып отыр, оның ішінде «Салтанат» мөлтек ауданындағы 280 орынды мемлекеттік балабақша және әлеуметтік мемлекеттік тапсырыс аясында 590 орын ашу жоспарлануда.

Слайд 23. Ағымдағы жылы Тараз қаласы халқының табиғи өсімі 2039 адамды құрады немесе 4513 нәресте дүниеге келіп, қайтыс болғандар саны 1140 адам. Бүгінгі күнге халық саны 364 200 адам.

Қаладағы медициналық мекемелерде дәрігерлер саны 1673 бірлікті құрап, өткен жылмен салыстырғанда 6 дәрігерге артып отыр.

Слайд 24. 2016 жылдың есепті кезеңінде 1 ана өлімінің көрсеткіші тіркелсе, нәресте өлімінің көрсеткіші 6%-ға төмендеп отыр (2016 —  жылы 49 оқиға, 2015 жылы – 53).

Аурулардың жалпы санының ең көп бөлігін қан айналым жүйелерінің ауруы алады. Есепті кезеңге жүрек – қан тамырлар ауруы 15%-ға артқан (2016 ж.- 1366 промиль, 2015 ж.- 1186). Ал, қан айналым жүйесінің ауруынан өлім көрсеткіші 19,7%-ға төмендеп отыр (2016 ж.- 102 промиль, 2015 ж.- 127).

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда туберкулез ауруының көрсеткіші 1,7%-ға төмендеген (2016 ж.- 34,1 промиль, 2015 ж. – 34,7), ал туберкулез ауруынан қайтыс болғандар өткен жылдың деңгейінде қалып отыр (2,2 промиль).

Құрметті депутаттар!

Слайд 25. Ағымдығы жылдың 10 ақпанында Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы тұрғын үй құрылысын жандандыру, инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруды жеделдету, шағын және орта бизнесті қолдау, сонымен қатар халықтың іскерлік белсенділігін және жұмыспен қамтылуын қолдау бойынша бірқатар тапсырмалар беріп, аталған шараларға қомақты қаржылар бөлді. Осы шараларды іске асыру Тараз қаласында да белсенді жүргізіліп жатыр.

Слайд 26. «Жұмыспен қамту жол картасы — 2020»  бағдарламасы бойынша 2016 жылға жалпы 1 млрд. 647,3 млн. теңге бөлініп, 1200 адамды жұмыспен қамту жоспарланып, есепті кезенде 352 адам қамтылды. Бағдарлама аясында жоғарғы бюджеттер есебінен 523,6 млн. теңге қарастырылып, қаладағы №7 мектеп-гимназия ғимаратына – 300,8 млн. теңгеге, №56 орта мектепке – 78,4 млн. теңгеге, №6 балабақшаға – 70,0 млн. теңгеге және  №7 балабақшаға – 74,3 млн. теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ал, облыстық бюджет бағдарлама әкімшілері арқылы 1 колледж,  13 денсаулық сақтау және 2 әлеуметтік, 1 мәдениет салаларындағы ғимараттарын жөндеуге 636,3 млн. теңге бөлінді. Бағдарламаның екінші бағыты бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредит беру үшін 444,0 млн. теңге қарастырылған.

Слайд 27. Өңірлердің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында жоғары тұрған бюджет есебінен жағдайы төмен отбасылардың 9771 балаларын ыстық тамақпен қамтамасыз етуге 103,5 млн. теңге және оларды мектеп жанындағы лагерьлерде демалыспен қамтамасыз ету үшін 14,6 млн. теңге бөлінді. Осы бөлінген қаражаттар есебінен мектептердегі ыстық тамақтың бағасын 120 теңгеден 150 теңгеге көтеруге ықпал етілді.

Слайд 28. «Жұмыспен қамту жол картасы — 2020» бағдарламасынан бөлек экономиканы ынталандыру шаралары аясында республикалық бюджеттен мектеп және балабақшаларды күрделі жөндеу жұмыстарына барлығы 699,5 млн. теңге қарастырылған. Оның ішінде  №24 гимназияға  — 257,9 млн. теңге, №32 орта мектепке – 211,2 млн. теңге, №37 орта мектепке – 131,5 млн. теңге және №21 балабақшаны күрделі жөндеуге 99,0 млн. теңге қарастырылған.

Слайд 29. 2016 жылдың I-ші жартыжылдығында құрылыс жұмыстарының көлемі 8 млрд. 275 млн. теңгені құрады. Оның ішінде бюджеттік инвестиция есебінен 4 млрд. 40 млн. теңге немесе үлесі 49%.

Ағымдағы жылдың соңына дейін құрылыс жұмыстарының көлемін ұлғайту үшін бірқатар факторлар бар. Мысалы, жалпы қала бюджетінде құрылыс жұмыстарына 10 млрд. 967 млн. теңге қарастырылған, оның ішінде «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму Мемлекеттік бағдарламасы арқылы 7 млрд. 911,4 млн. теңге.

Осы жерде айта кетуіміз керек, жыл басында жоғары тұрған бюджеттерден бөлінген трансферттер мен несиелердің көлемі 3 млрд. 888,4 млн. теңгені құраса, бүгінгі күні бұл сома 13 млрд. 692,0 млн. теңгені құрап отыр немесе 3,5 есеге артқан. Осы экономиканы ынталандыру аясында бөлінген қаражаттар инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға өз ықпалын тигізуде.

Слайд 30. Жыл соңына дейін 7 млрд. 830,5 млн. теңгені құрайтын 26 құрылыс нысандарын аяқтау жоспарлануда. Атап айтсақ, «Салтанат» мөлтек ауданында 280 орындық балабақша, «Кирпичник» және «Құмшағал» тұрғын алқаптарында әр қайсысы 300 орынды құрайтын екі мектеп, «Арай» тұрғын алқабында 2 тұрғын үй, Сүлейменов көшесінің соңынан жоспарланған 15-ші мөлтек ауданында магистралдық ішкі кварталдық су және телефон желісі бойынша инженерлік жүйелерінің құрылысы, «Барысхан» тұрғын алқабында қиыршық тас жол құрылысы, сонымен қатар, Жамбыл даңғылы, Б.Момышұлы, Ы.Сүлейменов, С.Сейфуллин көшелерінде жылу магистралінің телімдерін қайта жаңғырту жұмыстары, «Қайнар», «Ақжол», «Мичуринец» алқаптарын электрмен және газбен қамтамасыз ету, «Көктем» тұрғын алқабына газ жүргізу, Жамбыл даңғылы және Тәуке хан көшесіндегі жол өткелдерін, Песчанная, Октябрьская көшелеріндегі су құбырын қайта жаңғырту, «Бурыл-А,Б,В» алқабының су құбыры желілерін салу, ҚР-сы тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай монумент құрылысын салып, қосалқы аумағын абаттандыру, Төле би даңғылы «Керімбай» мектеп-гимназиясының маңында жер үсті жүргіншілер көпірінің құрылысын салу нысандары аяқталады.

Слайд 31. Бұдан басқа, жеке инвесторлар тарапынан коммерциялық нысандардың құрылыстары аяқталып немесе жүргізіліп жатыр. Атап айтсақ, Жамбыл даңғылындағы «Магнат» сауда үйі, Төле би даңғылы бойындағы «МART» ойын сауық орталығы, Ташкент көшесінің бойындағы әмбебап сауда үйі және Мәмбет батыр көшесіндегі сауда үйі.

Слайд 32. 2016 жылдың басынан бері жалпы 66,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 28%-ға өскен.

Қазіргі таңда қалада 1235 көппәтерлі тұрғын үй бар. Жалпы қалада 13 мөлтек аудан және «Арай» алқабындағы көпқабатты тұрғын үй кешені орналасқан. Тәуелсіздік жылдары алғашқы бой көтерген тұрғын алқап – «Астана» мөлтек ауданы болды, оның құрылысы 2007 жылы басталды. Екі жылға жуық мерзімде қаланың шеткі бөлігіндегі бос жерге инфрақұрылымымен және әлеуметтік нысандарымен жаңа үлгідегі көпқабатты үйлер тұрғызылды.

Слайд 33. 2008 жылдан бастап жалпы көлемі 40 гектар аумақта «Бәйтерек» мөлтек ауданының құрылысы басталды. Бүгінде 6 қабатты 70 пәтерлі бір үй, барлығы 1460 пәтерді құрайтын 5 қабатты жиырма үш үй, әрқайсысы 200 төсектік екі аурухана, 280 және 75 орындық екі балабақша пайдалануға берілді. Жеке қаржылары есебінен «Арайстроймаркет» ЖШС-мен 5 қабатты 75 пәтерлі екі үйдің, «Сенім» ЖШС тарапынан 9 қабатты 240 пәтерлі бір тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Қалалық бюджет есебінен 1200 орынға арналған мектеп құрылысының жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленуде, жобаны 2018 жылы іске асыру күтілуде.

Слайд 34. 2014 жылы 14 гектар «Арай» тұрғын алқабында көпқабатты үйлердің құрылысы басталды. 2015 жылы тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісімен әрқайсысы 65 пәтерлі екі тұрғын үй құрылысы жүргізіліп, қолданысқа берілді. Осы жылы қосымша тағы екі 80 пәтерлі тұрғын үй салынуда. Аталған үйлердің құрылысы ағымдағы жылдың қыркүйек және қазан айларында аяқталады деп жоспарлануда. Сонымен бірге, «Бином» ЖШС-мен ірі панелді 80 пәтерлі тұрғын үй құрылысы жүргізілуде.

Слайд 35-36. Өздеріңізге белгілі, Сүлейменов көшесінің соңынан жалпы көлемі 362 гектар 15-ші мөлтек ауданын, «Автобекет» аумағынан жалпы көлемі 100 гектар 14-ші мөлтек ауданын тұрғызу — алдағы жылдардағы негізгі бағыттарымыздың бірі. Бүгінде Сүлейменов көшесінің соңындағы тұрғын алқапта инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым желілерін тарту жұмыстары жалғасуда, ал «Автобекет» аумағында бұл жұмыстар ағымдағы жылы басталды.

Слайд 37. 2016 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны — 11995, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері – 6; 29 жасқа толмаған жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар – 1546; әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар – 6947; мемлекеттік, бюджеттік және әскери қызметкерлер – 3496 адамды құрайды.

Слайд 38. Тұрғын үй құрылысын ынталандыру — экономикалық өсімді қамтамасыз ететін негізгі шаралардың бірі болып табылады. Елбасы тапсырмаларын орындау мақсатында шілде айында «Арай» алқабында әрқайсысы 80 пәтерлі 6 үйдің құрылысына облыстық бюджеттің ішкі резерві есебінен 3 млрд. теңге несие бөлінді. Бұл үйлердің құрылысы, айналымы екі жылға арналған облигациялар шығару және оларды «Бәйтерек девелопмент» АҚ-ы иеленіп, жеке құрылысшыларға құрылыс жүргізуге тапсырыс беру арқылы жүзеге асырылады. Сондай-ақ, «Арай» алқабында барлығы 470 пәтерлік тағы 6 үйдің жобалық құжаттары мен жер телімдері «Тараз» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының  жарғылық капиталына беріліп, одан әрі «Бәйтерек девелопмент» АҚ-ы арқылы жеке құрылысшыларға тапсырыс беру жолымен құрылыс жұмыстары басталады. Аталған 12 үйдің құрылысын 2017 жылдың І жартыжылдығында аяқтау жоспарлануда.

Слайд 39. Жеке құрылысшыларды ынталандыру мақсатында, «Бәйтерек» мөлтек ауданында бір подъезді үйлер салу үшін аукцион арқылы әрқайсысы 0,027 гектар 8 жер телімдерін беру қарастырылуда.

Слайд 40. 2016 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша қалада жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдерін алуға 62305 адам кезекте тұр. Жыл соңына дейін Сабалақов көшесінің бойынан 800 және «Көлтоған» алқабынан 200-дей жер телімдерін беру жоспарлануда. Сонымен қатар, алғашқы жылдарға Асқаров көшесінің соңынан 312 га, «Хамукат» 125 га, «Қарасай» 126,6 га алқаптарын электрмен, сумен қамтамасыз ету желілері мен қиыршық тас жол төсеу құрылысына жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде.

Тараз қаласын дамытудың басты бағыты болып, тұрғын-жай коммуналдық шаруашылық, санитарлық тазалық, абаттандыру, жолдарды жөндеу, сыртқы жарықтандыру және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері табылады.

Слайд 41. Бүгінгі күнге Тараз қаласында 1235 көппәтерлі тұрғын үйлер бар болса, оның 986-ы кондоминиум нысаны ретінде әділет органында тіркелген. Олардың 435 көппәтерлі тұрғын үйлеріне 33 пәтер иелері кооперативімен техникалық қызмет көрсетіледі, яғни 44,1%.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту  бағдарламасы басталған кезде 684 кондоминиум нысандары жөндеуді қажет етсе, 163 үйге жөндеу жұмыстары жүргізілген. Қазіргі таңда, жөндеу жұмыстарын қажет ететін кондоминиум нысандары 521 үй немесе 76,2% құрап отыр.

Бүгінде қайтарылған қаражат есебінен инженерлік жүйелеріне жөндеу жұмыстары басталған 34 үйдің 24-і актілермен қабылданып, мердігерлерге 250,8 млн. теңге төленді. Қалған үйлерде жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Слайд 42. 2016 жылы ирригация жүйелері бойынша бөлінген 78,0 млн. теңгеге 12 мың 280 метр каналдарды механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді.

Слайд 43. Қаладағы көшелерді жарықтандыру жүйесімен қамтамасыз етуге және электр желілеріне қызмет көрсету жұмыстарына жалпы 486,3 млн. теңге бөлініп, 3104 жарықтандырғыштар жөндеуден өтсе, 184 дана энергоүнемдеуші шамдар ауыстырылды және 783 метр кабель желілері тартылды.

Слайд 44. 2016 жылға Тараз қаласының жолдарын жөндеу және құрылыс жұмыстарына 2 млрд. 196 млн. теңге қаржы қарастырылса, ағымдағы жылдың алты айында 1 млрд. 230,3 млн. теңгесі игерілді. Бұл қаржы есебінен 2015 жылдан өтпелі нысандар бойынша жұмыстар аяқталып, биылғы жылға жоспарланған нысандар бойынша жұмыстар жүргізілуде. Атап айтсақ: Молдағұлова, Шалғай Қарасу, Қашағанов, Толстой, Тастандиев, Қарасу және тағыда басқа көшелерінің орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Слайд 45. Қаланың санитарлық тазалығын қамтамасыз ету басты назардағы мәселелердің бірі. Осы мақсат аясында 1-ші наурыздан 1-ші мамыр аралығында қалада екі айлық тазалау жұмыстары жарияланып, 16 сенбілік ұйымдастырылды. Ағымдағы жылы қаланың саябақтарына, скверлеріне және магистралды көшелерінің бойына 1674 дана ағаштар отырғызылды. Жыл басынан көше бойындағы 5,4 мың текше метр кездейсоқ және 61,7 мың текше метр тұрмыстық қатты қалдықтар шығарылды.

Слайд 46. 2016 жылдың 6 айында 204 мәдени көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылып, оларға 130 мыңнан астам адам қатысты.

Жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалану үшін бүгінгі таңда қалада 5 аула клубы мен 62 жастар қоғамдық бірлестіктері жұмыс атқаруда.

Қала тұрғындарын дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тарту жұмыстары бойынша ағымдағы жылы 47 бұқаралық спорттық-көпшілік іс-шаралар өткізіліп, оған барлығы 10 мыңнан аса қала тұрғындары қатысты.

Қазіргі таңда, Тараз қаласында жүйелі түрде спортпен айналысушы азаматтар саны – 96260 адам болса, бұл қала тұрғындарының 26,4%-ын құрап отыр.

Бүгінгі күні Тараз қаласында 495 спорт нысандары жұмыс істеуде. Ағымдағы жылы 10 спорт нысаны пайдалануға берілді. Атап айтсақ, қалалық бюджет есебінен 10 млн. теңгеге 6 «Стрит Воркаут» спорт алаңшасы, ал жеке кәсіпкерлер тарапынан 1 «Стрит Воркаут» спорт алаңшасы, жасанды төсеніші бар екі кіші футбол алаңшалары және 1 әйелдер фитнес клубы салынып, ел игілігіне берілді.

Слайд 47. Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан ХХХI жазғы олимпиадада жерлесіміз Елдос Сметов дзюдан 60 кг-ға дейінгі салмақ дәрежесі бойынша 2-ші орын алып, күміс жүлдегер атанғанын мақтанышпен айтуға болады. Бұдан басқа тағы бес спортшымыз олимпиада ойындарында бақ сынап жатыр. Олар, Олжас Сәттібаев – бокстан 52 кг-ға дейінгі салмақ дәрежесі, Руслан Жапаров – таэквандодан WTF – 80 кг-нан жоғары салмақ дәрежесі, Михаил Красилов – жеңіл атлетика (42 шақырым 195 метр қашықтыққа жүгіру), Светлана Иванчукова – жеңіл атлетика (эстафета 4х100), Зульфия Габидуллина – суға жүзуден (Паралимпиада ойындары).

Сонымен қатар, ағымдағы жылы «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінде қазақ күресінен Бейбіт Ыстыбаев жеңімпаз атанып, аталған турнирдің 3 дүркін чемпионы атағына ие болды.

Слайд 48. «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында құрылған жергілікті полицияның міндетіне қоғамдық тәртіпті қадағалау, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұрмыстық қылмысқа қарсы күресу  кіреді. Қазіргі уақытта Тараз қаласы ішкі істер басқармасының Жергілікті полиция қызметінде және аумақтық бөліністерінде барлығы 605 қызметкер қызмет атқарады, оның ішінде учаскелік полиция инспекторының саны 123 адам.

Слайд 49. Есепті кезеңде қала көлемінде жалпы әр түрлі 5135 қылмыстық істер тіркеліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда қылмыс 12,4%-ға төмендеп отыр (2015 жылы – 5866). Оның ішінде жалпы 316 ауыр және аса ауыр қылмыстық істер тіркеліп, өткен жылғыдан 0,9%-ға кеміген (2015 ж — 319), олардың ашылу деңгейі 67%-ды құрап отыр (2015 ж – 66,8%). Бөтеннің мүлкін ұрлау қылмысы 4,9%-ға, зорлау 17,9%-ға, бұзақылық 35,6%-ға төмендеген. Дегенмен, дене жарақатын салу қылмыстары бойынша 23,5%-ға өсу байқалады (2016 жылы – 21, 2015 жылы – 17). Бұдан басқа, 2016 жылы 8 қасақана кісі өлімі тіркелген (2015 жылы – 5), ашылу деңгейі 81,3%-ды құрады (2015 жылы — 100%).

Слайд 50. Жол көлік оқиғасына келетін болсақ, есепті кезеңде қалада 229 жол көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 9 адам қаза болып, 355 адам әр түрлі дене жарақатын алған. 2015 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда жол көлік оқиғасы 10,2%-ға төмендесе (2015 жылы – 255), ал  дене жарақатын алғандар 12,7%-ға өсіп отыр (2015 жылы – 315), сонымен бірге кісі өлімі өткен жылдың денгейінде қалып отыр (2015 жылы — 9 адам).

        Құрметті көпшілік!

Слайд 51. Әр жыл өзіне тән жаңалықтарымен, оқиғаларымен ерекшеленеді. Биылғы 2016 жыл — Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен тұспа-тұс келуде.

Егемендігіміздің ширек ғасырлық кезеңінде Елбасының бастамасымен халықтың әл-ауқатын көтеруге, тұрмыс-жағдайын жақсартуға бағытталған сан-салалы іс-шаралар, іргелі жобалар мен маңызды бағдарламалар сәтті іске асырылып, мол табыстарға қол жеткізілді. Ендігі мақсатымыз — тәуелсіздігіміздің тұғырын биік ұстап, елімізді үздік отыздыққа енген «Мәңгілік Ел» ету.

Осы орайда, біздің алдымызда болашақ бағдарымыз айқындалған Жолдауды жүзеге асыру, өңірдің экономикалық және инвестициялық әлеуетін арттырып, тұрғындардың әл-ауқатын одан әрі жақсарту міндеті тұр.

Бар күш-жігерімізді ортақ іске жұмылдыру арқылы ғана алға қойған міндеттерімізді, биік мақсаттарымызды жүзеге асырамыз және баршаңызды осы бағытта аянбай еңбек етуге шақырамын.

        Назарларыңызға рахмет!

Тараз қаласының әкімі Н.С.Календеровтің

«2016 жылдың I-ші жартыжылдығында өзіне

жүктелген функциялар мен міндеттердің

орындалуы туралы» мәслихат депутаттары

алдындағы есебі

12 тамыз 2016 жыл, сағ. 15,00

Құрметті депутаттар!

Қадірменді қауым!

Бүгін Сіздермен жартыжылдықта атқарылған жұмыстарды саралап, алдағы міндеттер мен белестерді айқындау үшін жиналып отырмыз.

Слайд 1. Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өткен жылдың 30 қарашасында ел дамуының негізгі бағыттарын айқындайтын Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялады. Елбасы өз Жолдауында жаңа жаҺандық ахуал талабына сай әрекет етудің жолдарын көрсетті. Еліміздің үдемелі және сенімді дамуын қамтамасыз етудің жаңа міндеттерін нақтылады.

Сонымен бірге, биыл Республика Президентінің бастамасымен елімізді әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосу мақсатында қабылданған бес институционалдық реформа аясындағы «100 нақты қадам» — Ұлт жоспарын жүзеге асырудың практикалық кезеңі басталды. Қазіргі таңда Ұлт жоспарын тиімді іске асыруға қа­жет­ті барлық негіз қаланып, экономикалық өсімді қамтамасыз ететін ауқымды істер атқарылуда.

Слайд 2. Бағыт-бағдарымыз белгіленген маңызды құжаттарды орындау мақсатында Үкімет тарапынан «Нұрлы жол» және индустрияландыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға, шағын және орта бизнесті дамытуға, «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы аясында жұмыспен қамтуды және іскерлік белсенділікті арттыруға басымдық беріліп, белсенді шаралар жүргізілуде.

Жыл басынан өңірлердің дамуын ынталандыру үшін тұрғын үй құрылысын жандандыруға және инфрақұрылымдық жобаларды жеделдетуге ауқымды қаржы қарастырылып, іске асырылуы айрықша назарға алынды.

Сондықтан, алда атқарылатын жұмыстар осы міндеттерді іске асыруға бағытталуы тиіс.

Биылғы жыл Біріккен Ұлттар Ұйымында Қазақстан үшін аса маңызды тарихи оқиға болды: біздің еліміз орталық Азия мемлекеттері қатарынан алғашқы болып Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде сайланды. Бұл – Елбасының сарабдал саясатының жарқын нәтижесі болып саналады.

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен жергілікті мәслихат депутаттарының сайлауы – ағымдағы жылдың басты саяси оқиғасына айналды. Сайлау кезінде Тараз жұртшылығы да белсенділік танытып, дауыс беруге қатысқан азаматтардың 73,8% Мемлекет басшысы төрағалық ететін «Нұр Отан» партиясын қолдап, өз таңдауларын жасады. Қалалық мәслихат депутаттары да толығымен «Нұр Отан» партиясымен ұсынылған кандидаттардан жасақталды. Сайлау — еліміздің таңдаған даму жолының дұрыстығын айқындап берді, атқарылып жатқан істердің халық мүддесіне сай келетінін көрсетті.

Жоғарыда айтылғандай, экономиканы ынталандыру мен тұрғындардың әлеуметтік игілігіне бағытталған шаралар өңірімізде табысты жүргізілуде. Бұл, қаламыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізіп отыр.

Слайд 3. Есепті кезеңде өнеркәсіп өндірісінің көлемі 96 млрд. 627,9 млн. теңгені немесе нақты көлем индексі 100,1%-ды құрады. Өткен жылмен салыстырғанда 9 млрд. 639,5 млн. теңгеге артық өнім өндірілген. Халықтың жан басына шаққандағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 265,3 мың теңге болып қалыптасты.

Өндірілген өнім құрылымының басым бөлігі  өңдеу өнеркәсібінің үлесіне тиесілі, онда 70 млрд. 711,5 млн. теңгеге өнім өндіріліп, нақты көлем индексі 103,3%-ды құрады.

Слайд 4. Өңдеу өнеркәсібінің негізгі құраушысы болып химия саласы табылады. «Казфосфат» ЖШС-нің Жаңа жамбыл фосфор зауыты және минералды тыңайтқыштар зауытымен жалпы 41 млрд. 849,9 млн. теңгенің өнімдері өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 136,6%-ды құрап отыр.

Сонымен қатар, тамақ өнеркәсібінде 69,8%-ға және жеңіл өнеркәсіпте 160%-ға өсу қарқыны байқалуда. Өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда, осы салалардағы қаланың негізгі кәсіпорындары «Орта азиялық қант корпорациясы» АҚ-ы 19 млрд. 630,9 млн. теңгеге немесе 112,7%-ға,  ал «ТаразКожОбувь» ЖШС-і  323 млн. теңгеге немесе 260%-ға өсім көрсетіп отыр.

Слайд 5. Жалпы салық түсімдері мен басқа да міндетті төлемдердің  мемлекеттік бюджеттегі  өнеркәсіп саласының үлесі 21,9%  немесе 3 млрд. 343,1 млн. теңгені құрады (2015 жылы – 21,1% немесе 2 млрд. 533,7 млн. теңге). Қала бюджеті бойынша өнеркәсіп саласының үлесі 22,9% немесе 899,5 млн. теңгені құрады (2015 жылы – 21,0% немесе 774,5 млн. теңге).

Слайд 6. Ағымдағы жылы құны 10,0 млрд. теңгені құрайтын 3 индустриялдық жобаны іске асыру жоспарланып отыр, онда 95 жаңа жұмыс орындары ашылатын болады. Атап айтсақ: «Казфосфат» ЖШС-нің «Минералды тыңайтқыштар зауыты» Тараз филиалы экстрационды фосфор қышқылын өндіретін ЭФК-1 технологиялық жүйесін қайта жаңғырту жұмыстарын аяқтайды. Жобаның құны 7 млрд. 700 млн. теңге, қуаттылығы жылына – 220 мың тоннаны құрайды.

«Жамбылгипс» АҚ-ы құрғақ құрылыс қоспаларын және гипс бұйымдарын өндіретін жаңа цехтің құрылысын және қайта жаңғырту жұмыстарын аяқтайды. Жобаның құны 1 млрд. 715 млн. теңге, қуаттылығы жылына – 270 мың тонна. 50 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарлануда.

«Бағұл» ЖШС-і дәнекерлеу электродын шығарудың өндіріс қуаттылығын кеңейтуді жоспарлап отыр, жобаның құны 585,5 млн. теңгені құрайды. Жылдық қуаттылықты 2 мың тоннаға жеткізіп, 45 жаңа жұмыс орындары ашылуы жоспарлануда.

Слайд 7. Бұдан бөлек, қазіргі таңда «Казфосфат» ЖШС-нің жаңа жамбыл фосфор зауыты филиалы жеке қаражаттары есебінен құны 1 млрд. 100 млн. теңгені құрайтын 2 жобаны Индустрияландыру Картасына енгізу бойынша жұмыстар жүргізуде. Олар, 2016 жылдың соңына дейін іске асырылатын құны 200,0 млн. теңге құрайтын түйіршікті фосфор-калий тыңайтқышын шығаратын өндіріс орнының құрылысы және 900 млн. теңге құрайтын ауа бөлгіш қондырғыны қайта жаңғырту жобалары. Бұл жобалардың тиімділігі өндіріс шығындарын азайтумен және өндірістегі қатты қалдықтарды қайта өндеумен ерекшеленеді.

Слайд 8. Шағын және орта бизнестің өркендеуі қала экономикасының дамуында маңызды рөл атқарады.

Қалада бүгінгі күнге 30815 шағын және орта бизнес  субъектілері тіркелсе, оның ішінде 24 749-ы жеке кәсіпкер, 5254-і шағын және 37-і орта кәсіпорын субъектілері. Шағын, орта бизнес субъектілерімен өндірілген өнім көлемінің үлесі 8 млрд. 722 млн. теңгені құрап, жалпы өнеркәсіп кәсіпорындарымен өндірілген өнімнің 9%-ын құрады.

Слайд 9. «Бизнестің жол картасы — 2020» бизнесті қолдаудың және дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында субсидиялау тетігі бойынша 2 млрд. 844 млн. теңгеге 26 жоба аймақтық үйлестіру кеңесімен мақұлданып, несие берілді. Осы жобалар аясында, «Сапар Транс 2012»  ЖШС-і ЕВРО 4 стандартты «Dunsan» маркалы 15 автобус сатып алуға 945,0 млн. теңге, «Арай-логистик» ЖШС-і қонақ үй комплексі бар бизнес орталығының құрылысын жүргізуге 350,0 млн. теңге, «Нұралы» ЖШС-і сауда орталығын салуға 120,0 млн. теңге және тағы басқа да бизнес өкілдері жеңілдетілген несие алды. Ал, осы бағдарламаның аясында грант тетігі бойынша инновациялық бизнес ойлап тапқан 8 кәсіпкерге 3 млн. теңгеден қайтарымсыз қаржы бөлінді. Бұдан басқа, Индустрияландыру Картасына енген «Жамбылгипс» АҚ-да өндірістік инфрақұрылымды дамыту тетігі бойынша 82,1 млн. теңгеге газ және электр қуатымен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Сонымен бірге, жайма шығаратын «MARK of PERFECTION» ЖШС-і өндірістік базасын қосымша электрмен қамтамасыз ету үшін 3 млн. теңгеге трансформатор орнатты. Қазіргі таңда 1 млрд. 163 млн. теңгені құрайтын субсиядиялау тетігі бойынша тағы 9 жоба қарастырылуда. Осы бағдарлама аясында қаржыландырылған жобалар арқылы қосымша 169 жаңа жұмыс орындары ашылуда.

«KazMicroFinance» Микрокредиттік ұйымы» ЖШС-і  арқылы жыл басынан бері 2293 субъектіге 903,0 млн. теңгеге несие берілді.

Слайд 10. Есепті кезеңде негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 24 млрд. 447,6 млн. теңгені немесе нақты көлем индексі 124,8% құрады. Инвестициялардың жалпы көлеміндегі шаруашылық субъектілерінің өзіндік қаражаттарының үлесі 15 млрд. 764,4 млн. теңге немесе 64,4%,  бюджеттік салымдар —  5 млрд. 555,0 млн. теңге немесе 22,7%, несиелер және басқа да қарызға алынған қаражаттар – 3 млрд. 128,2 млн. теңге немесе 12,8% құрады. Халықтың жан басына шаққандағы негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 67,1 мың теңге болып қалыптасты.

Слайд 11. Ағымдағы жылдың өткен 6 айында бөлшек сауда тауар айналымының көрсеткіші 79 млрд. 876 млн теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 14 млрд. 117,6 млн. теңгеге өсіп отыр. Көтерме сауда тауар айналымының көлемі 60 млрд. 350,5 млн. теңгені құрады. Халықтың жан басына шаққанда бөлшек  сауданың  көлемі  219 мың теңге және көтерме сауда тауар айналымының көлемі 166 мың теңге болып қалыптасты.

Слайд 12. Жұмыстардың дер кезінде қаржыландырылып, жоспарлы түрде іске асырылуында қала бюджетінің кірісі мен шығысының толық орындалуы маңызды. Есепті кезеңде мемлекеттік бюджетке 15 млрд. 242 млн. теңге салық және басқада міндетті төлемдер түсіп, жылдық жоспар 112%-ға орындалды. Оның ішінде республикалық бюджетке 5 млрд. 692 млн. теңге түсіп, 110,6%-ды құрады, ал жергілікті бюджетке  9 млрд. 550 млн. теңге түсіп, 112,6%-ды құрады. Қала бюджетінің өзіндік кірістері бойынша  3 млрд. 922 млн. теңге түсіп, жоспар 110,2%-ға орындалды.

2016 жылы бюджеттің шығыс бөлігі трансфертерді қоса есептегенде 17 млрд. 836 млн. теңгені құрап, 97,9%-ға игерілді.

Слайд 13. Экономикалық өсімді қамтамасыз етудің тиімді құралы — тұрғындардың иелігіндегі мүлікті жария ету болып табылады. Осыған байланысты ағымдағы жылы 1784 арыз тіркеліп, оның 15 млрд. 282,8 млн. теңгені құрайтын 1716 құжатқа мүлікті жария етуге оң шешім қабылданды, 68 құжат кері қайтарылды.

Қазіргі таңда тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін, кең ауқымды жекешелендіру жұмыстары жүріп жатқаны белгілі, осы мақсат аясында қаламызда бірқатар істер атқарылуда. Өткен жылы Тараз қаласы әкімдігіне қарасты  1 млрд. 742 млн. теңгеге «Жамбыл-Тараз» газетінің редакциясы» 10%, «Жасыл Ел-Тараз»  ЖШС-і 51%, «Орталық диспечерлік қызмет» ЖШС-і 51%-ға жекешелендірілсе, «Болашақ» және «Рауан» сауықтыру лагерлері сенімді басқаруға берілді. Ал, ағымдағы жылы «Тараз тұрғын үй» ЖШС-нің 51%-ы 3 жылға сенімді басқаруға берілді.

Құрметті депутаттар!

Слайд 14. Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес, 2016 жылға 6-дан 8 пайызға дейін инфляция өсімі белгіленген. Ағымдағы жылдың 6 айында баға және тұтыну тауарлары мен қызмет көрсету тарифтері  4,8%-ды құрады, оның ішінде азық-түлік тауарлары 4,2%-ға, азық-түлік емес тауарлар  4,4%-ға,  ақылы қызметтер тарифі 5,8%-ға өскен.

Слайд 15. Қазіргі таңда, инфляция деңгейін тұрақтандыру аясында қалада  әлеуметтік маңызды азық-түлік, азық-түлік емес тауарларының және ақылы қызметтердің бағаларын негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында жұмысшы топ қызмет атқарады. Жыл басынан бері, бағаны тұрақтандыру және негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында өнім өндіруші және сауда мекемелерімен 254 меморандумға қол қойылды. Бүгінгі күнге 36 ауылшаруашылық жәрмеңкелері ұйымдастырылып, 230 тоннаға жуық азық-түлік тауарлары нарық бағасынан 15-20 пайызға төмен сатылды. Облыстың тұрақтандыру қорынан 3021 тонна ұн қаладағы наубайханаларға арзан бағамен жеткізіліп,  қамтамасыз етілді.  Сонымен қатар, қаланың 5 ірі сауда орындары және «Тараз сауда-саттық компаниясының» 10 сауда павильондары арқылы  аз қамтамасыз етілген отбасыларға күніне 1000 дана тегін нан таратылуда.

Слайд 16. Жергілікті атқарушы органдарының алдында тұрған негізгі міндеттерінің бірі — бірде-бір жұмыс орнының қысқартылмауы, жұмысшылардың әлеуметтік және еңбек құқықтары мен кепілдігін қамтамасыз ету және өндіріс барысында жергілікті өнімдерді тұтынуды дамыту және қазақстандық үлесті қамтамасыз ету болып табылады.

Тапсырманы орындау үшін  2016 жылы қазақстандық үлесті қамтамасыз ету мақсатында 583,0 млн. теңгені құрайтын 62 меморандумға, жұмысшылардың әлеуметтік және еңбек құқықтары мен кепілдігін қамтамасыз ету бойынша 205 меморандумға қол қойылып, 6542 жұмыс орындары сақталды.

Қала кәсіпорындарының жұмысшыларға еңбекақы қарыздарын анықтау мақсатында тұрақты жұмыстар жүргізілуде. Жыл басында 9 кәсіпорынның жұмысшыларға қарызы 91,3 млн. теңгені құраса, бүгінгі күнге жергілікті атқарушы органдардың араласуымен 2 кәсіпорынның қарызы 43,4 млн. теңгені құрап отыр. Атап айтсақ, «ЖЗМК Имсталькон» ЖШС-і 36,0 млн. теңге және «Таразхиммонтаж» ЖШС-нің қарызы 7,4 млн. теңгені құрайды. Алдағы уақытта еңбекақы қарыздарын өтеу бойынша  жұмыстар өз жалғасын табады.