Версия для слабовидящих

«Выпускной бал-2016»

Қымбатты жас түлектер!

Бүгін баршаңыз үшін қуанышты күн, ал бүкіл ел үшін – азаматқа үміт артқан тарихи мезет. Кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер, бүгін міне, үлкен өмірге қадам басып отырсыздар.

Биылғы жылы қала мектептерін 2123 түлек бітіріп отыр.

Мектеп  бітірушілердің қатарында 22 «Алтын белгі», 26 үздік аттестат иегерлері мен 14 халықаралық және республикалық ғылыми жоба, пән олимпиадаларының жүлдегерлері бар. 9 мектеп түлегі Оңтүстік Корея, Ресей және Қазақстанда өткен халықаралық ғылыми жоба жарысының жүлдегерлері атанды. Бұл түлектер – Тараз мақтаныштары!

Сонымен қатар, қаланың мектеп бітірушілерінің ұлттық бірыңғай тестілеу бойынша да көрсеткіштері жоғары болды. Тараз қаласындағы №45, 1, 41, 24 гимназия мен №5 мектеп-гимназия түлектерінің білім көрсеткіші қаламыздың абыройын асқақтатты. Осындай озат түлектерінің саны жылдан — жылға артып, білімді жастардың көбейгені көңілге қуаныш ұялатады.

Өмірдегі ең алғашқы асуды бағындарған батыл қадамдарыңыз Сіздерді әрдайым жарқын жетістіктерге жетелесін.

Құрметті Жас түлектер!

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап көрсеткендей, «Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса –ол елдің еңсесі де биік болады». Сіздердей білімге құштар жалынды жастар үшін алынбайтын асу, бағынбайтын белес жоқ. Алған білімдеріңіз бен жігерлеріңізді, жастық жалындарыңызды Отанымыз – Қазақстанға арнау Сіздерге жүктелер басты міндет.

Дорогие выпускники!

Вам предстоит в очень скором времени взять на себя ответственность за судьбу Республики, ее благополоучие и процветание. Не сомневаюсь, что ваша энергия, смелость, патриотизм помогут Вам справиться с любыми задачами.

Желаю Вам всегда оставатся верными дружбе, принципам товарищества и взаимовыручки. Никогда не теряйте стремления каждый день изменяться, двигаться вперед, не остановливаться на достигнутом.

Салған іздеріңіз сәулелі, белестеріңіз биік, тағылымдарыңыз терең болсын!