Версия для слабовидящих

Тараз қаласы әкімінің орынбасары Ж.Сапарәлиевтің «Болашаққа нық қадам!» атты жастар алдындағы дәрісі

DSC_0567

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылы       5 қыркүйекте Nazarbayev University оқу орнындағы еліміздегі жоғарғы және орта кәсіптік оқу орындарының студенттеріне оқыған «Қазақстан білім қоғамы жолында» атты дәрісін жергілікті өңірлерде жалғастыру мақсатында               2016 жылдың 19 мамырында Тараз қаласы әкімнің орынбасары Ж.Сапарәлиев Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің жастарына «Болашаққа нық қадам!» атты дәрісін оқыды.

Кездесуге қала әкімінің орынбасары Ж.Сапарәлиев, қала әкімдігінің бөлім басшылары, университеттің оқытушылар құрамы, қала әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің қызметкерлері, университет жастары және БАҚ өкілдері, барлығы 80-ге жуық адам қатысты.

Жастар алдында сөз сөйлеу барысында Ж.Сапарәлиев «Бизнестің жол картасы — 2020», «Қолжетімді тұрғын үй — 2020», «Жұмыспен қамту 2020», «Жастар тәжірибесі» бағдарламаларының іске асырылуы мен тиімділігі туралы толыққанды түсіндіре отырып, «Балапан» бағдарламасы аясында ашылған балабақшаларға тоқталып өтті.

Кездесу барысында жастар тарапынан бүгінгі күнгі өзекті мәселелердің бірі – жер мәселесі туралы: жерді жалға алған шаруаларға мемлекеттік қаржыландыру мәселесімен жеңілдіктері, агрорлық сектордағы кәсіпкерлікке жастарды тарту мәселесі, жерді пайдалану мәселесіндегі өзгерістері мен пайдалану туралы бірқатар сұрақтар қойылып, мардымды жауаптар берілді.

Сонымен қатар, жастарға арналған бағдарламалар туралы толық ақпаратты «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінен алуға болатындығы жеткізілді.