Версия для слабовидящих

Тараз қаласы әкімінің taraz.zhambul.kz сайтында барлық қажетті мәліметтерді көруге мүмкіндік жасалып, қала тұрғындары өз пікірлерін taraz.gos.prav@bk.ru  электрондық мекен жайға жіберуге мүмкіндік бар.

Қала әкімдігінде Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын,   сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және азаматтардың арыз шағымдарын қарастыруды түсіндіру бойынша семинар, дөнгелек үстелдер өткізіліп, жемқорлық тақырыбында дәрістер оқытылған. (қажетті хаттамалары бар).

Мысалы: қоғамдық ұйымдардың қатысуымен 2016 жылдың 29 қаңтарында дөнгелек үстел, 2016 жылдың 5 ақпанында семинар өткен.

2016 жылдың 12 ақпанында қала әкімдігіне қарасты мемлекеттік қызметшілеріне «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» түсіндіру бойынша кездесу өткізілген.

Білім беру мекемелерінде жоғары сынып оқушылары үшін  «ҚР Қылмыстық және, ҚР әкімшілік құқық бұзушылық Кодекстерімен белгіленген сыбайлас-жемқорлық туралы түсінік және оның сипаттамасы», «Жемқордың тұлғасы» тақырыптары бойынша дәрістер жүргізілген.

Комиссия отырыстарында қалалық комиссия өкілдерінің, сондай ақ құқық қорғау органдары, ардагерлер және ақсақалдар кеңесі мүшелерінің қатысуымен қала әкімдігінің бөлім басшыларының есептері тындалған. Жыл басынан 2 комиссия отырысы өткізілген.

Орын алған жемқорлық фактілері комиссия отырыстарында талқыланып, оны болдырмау мәселелері қарастырылған.

Сонымен қатар, қала әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімімен жемқорлық құбылыстарын болдырмау мақсатында брошюра жасалып әкімдіктің құрылымдық бөлімдерінде таратылған.

Қалалық әкімдік ғимаратында  көрнекі және қол жетімді орындарда азаматтардың лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттері жөніндегі арыз-шағымдарына арналған жәшіктер орнатылған. Жыл басынан жәшікке 1 хат түскен.  Жәшікке жемқорлық сипатында өтініштер түспеген.

Жыл   басынан   әр    түрлі   сұрақтар   бойынша   қала  әкімі, әкімнің орынбасарлары 67 жеке қабылдау өткізген. Қабылдауға келген  азаматтың өтініштері бойынша нақты шаралар қолданылып, уақтылы жауаптары берілген.

Қала әкімдігінің аппаратында мемлекеттік қызметкерлердің жоғарғы жауапкершілігі мен дер кезінде ден қою қағидаларына негізделген азаматтардың арыз-шағымдарын, заңды тұлғалардың өтініштерін қараудың нәтижелерін есепке алу мен бақылаудың біріңғай қатаң жүйелері құрылған. Соның нәтижесінде, жалпы жыл басынан жеке және заңды тұлғалардан түскен 3737 өтініш қарастырылған. Негізінен арыздар жер телімдерін беру, жол жөндеу,  материалдық көмек көрсету, жылжымайтын мүлік мәселелері, жұмысқа орналастыру, ауыз су және әр түрлі коммуналдық  сұрақтарға байланысты. Өтініштер заңмен көрсетілген мерзімде қарастырылды.

Қалада Қонаев пен Айтеке би, Жамбыл даңғылы мен К.Әзірбаев,  Жамбыл даңғылы мен Көшеней, Қ.Тұрысов пен Т.Рысқұлов көшелерінің қиылысында, Төле би көшесінде «Баласағұн», «Орталық стадион», Б.Момышұлы көшесінде «Қайқармет» базарының маңында және Тауке хан көшелерінің маңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған 8 банер орналастырылған.

Қала әкімі аппаратында 431535, 433739 сенім телефоны күні түні қызмет атқарады. Сенім телефонына жыл басынан 10 адам хабарласқан, келіп түскен мәліметтер арнайы журналда тіркелген. Жемқорлық фактілері бойынша хабарламалар түспеген.

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй бөлу және  кезекке қою  сұрақтары         бойынша сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында  әлеуметтік       жағынан қорғалатын табысы аз азаматтардың тұрғын үй алу кезегінде тұрғандардың және мектепке дейінгі балалар мекемелеріне жіберу үшін мектепке дейінгі балаларды тіркеу, кезекке кою және жеке тұрғын үй салуға жер телімдерін алу кезектерінің тізімдері бұқаралық ақпарат беттерінде және  қала әкімінің  taraz.zhambul.kz веб сайтында  жарияланған.

Бұл тізімнің сәйкестігі ай сайын өтетін тұрғын үй және жер телімдерін бері комиссияларында тексеріледі.

Қала әкімдігінің ғамаратында өткізу режимі ұйымдастырылған.

Атқарылған жұмыстардың арқасында қала әкімдігіне қарасты бөлімдерде 2016 жылы жемқорлық фактірері жоқ екенін хабарлаймын.