Версия для слабовидящих

Итоги социально-экономического развития города за 1 квартал 2016 года

 

2016 жылдың қаңтар-наурыз айларында қала кәсіпорындары 51 миллиард 979,6 миллион теңгенің өнімдерін өндірген. Физикалық индекс көлемі 100,2 пайызды құрады. Өткен жылмен салыстырғанда 4 млрд 471 млн. теңгеге (2015 жыл – 47 508,6 млн. теңге)  артық өнім өндірген. Халықтың жан басына шаққандағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 142,8 мың теңге болып қалыптасты.

Өндірілген өнім құрылымында өңдеу өнеркәсібінде НКИ 109,2%, кен өндіру және карьерлерді қазу өнеркәсібінде  НКИ 65,5%, электрмен жабдықтау, газ беру саласында НКИ 91,7%, сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау саласында НКИ 97,0% құрады.

 Өңдеу өнеркәсібінің құрылымындағы салалар бойынша  химия, жеңіл және тамақ өнеркәсіптерінде оң көрсеткіштер байқалуда, ал қалған салалар бойынша былтырғы көрсеткіштерден төмен жағдайлар қалыптасуда. Атап айтқанда:

Химия өнеркәсібінде, яғни «Казфосфат» құрылымдағы «НДФЗ» және «ЗМУ» зауыттар бойынша 2016 жылы жалпы 23 млрд. 564,2 млн. теңгеге өнім өндірілді немесе былтырғы жылмен салыстырғанда 154,7%-ды құрады (2015 ж. – 15 230,3 млн. теңге).

Дегенмен өнім көлемінің нақтылай көрсеткіші  2015 жылғы 231,5 мың тоннадан 2016 жылы 224,6 мың тоннаға дейін немесе 6,9 мың тоннаға төмендеген.  Сары фосфор 1,8 мың тоннаға, фосфор қышқылы 2,3 мың тоннаға, триполифосфат натрия 2,6 мың тоннаға және аммофос 1,1 мың тоннаға дейін төмендеген.  Бағалай және нақтылай көрсеткіштердің ауытқуы АҚШ доллары бағамының өзгеруіне байланысты болып отыр.

2016 жылы тамақ өнеркәсібі саласында 8 млрд. 494,7 млн. теңгеге өнім өндірілді, өткен жылмен салыстырғанда 146,6%-ды құрап,  2 млрд.  699,2 млн. теңгеге өсіп отыр (2015 жылы —  5 795,5 млн. теңге).

Осы саланың өнімін өндіру көлемі бойынша өткен жылмен салыстырғанда негізгі кәсіпорындар «Орта азиялық қант корпорациясы» АҚ-ы  151,3%-ды,  ал «Та-Мақ» ЖШС-і  44,8%-ды құрап отыр.

Жеңіл өнеркәсібі саласында 2016 жылы 37,2 млн. теңгеге өнім өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 188,8%-ды құрады немесе  өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 17,5 млн. теңгеге өсіп отыр (2015 жылы —  19,7 млн. теңге).

Ағаш өңдеу өнеркәсібі саласында 2016 жылы 64,3 млн. теңгеге өнім өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 2,5 есе өсім көрсетіп отыр (2015 жылы 49,7 млн. теңге).

Машина жасау және металл өңдеу саласы бойынша 3 млрд. 121,2 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, былтырғы жылмен салыстырғанда 1 млрд. 655 млн. теңгеге кеміді немесе 65,3% құрады (2015 жылы – 4 млрд. 776,2 млн. теңге). Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда тек «Жамбылремсервис» ЖШС-гі ғана өнім шығару көлемін – 15% өсірген. Өнім өндіру көлемін «Қамқор Локомотив» ЖШС – 16,8%-ға,  «Локомотив» АҚ – 10,7%-ға,  ЖЗМК «Имсталькон» ЖШС – 76,1%-ға,  «ЗМР» ЖШС — 66,8%-ға, «Запчасть» АҚ – 83,0%-ға,  «Энерджи-Тараз» серіктестігі — 1%-ға төмендеткен.

2016 жылы құрылыс материалдары өнеркәсібінде 547,1  млн. теңгенің өнімі өндірілді, 2015 жылмен салыстырғанда 442,3 млн. теңгеге кем немесе 55,3%-ды құрады (2015 жылы – 989,4 млн. теңге).  Бұл салада тек «Құрылыс-Полимер» — өнім көлемін 4 есе өсіріп, оң динамикасын көрсеткен, ал қалған «Жамбылгипс» АҚ — 60%-ға, «Жамбылхимстрой» ЖШС – 50,4%-ға, «Ғимарат-Темірбетон» — 32,4%-ға, «Тараз құбыр зауыты» ЖШС – 85,7% -ға және «Арайстроймаркет-2003» ЖШС – 54%-ға көрсеткіштерін төмендеген.

Тау-кен саласында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 46,0 млн. теңге немесе НКИ-65,5% құрады (2015 жылы – 178,9 млн. теңге). Өндіріс көлемінің төмендеуі жер қойнауын пайдаланушылардың маусымдық жұмыс істеуіне және өнімге сұраныстың жоқтығына байланысты.

Электрмен жабдықтау және газ беру саласы бойынша өндірген өнім көлемі 15 млрд. 740,2 млн. теңге, НКИ 91,7% құрады.  Бұл салада «Жамбыл ГРЭС» АҚ-ы – 73,2%,  «Казтрансгазаймақ» АҚ-ы 93,5%, «Жамбыл-Жылу» МКМ – 91,4%, «Темир Жол-Жылу» МКК – 99,2%, құрап, өсу қарқындары төмендеген, ал қалған 3 кәсіпорындар оң динамика көрсетуде («Жамбыл электр жүйесі» ЖШС — 107,7%, «Таразэнергоорталығы» АҚ – 106,1%, «Таразтрансэнерго» МКК – 101,2%).

Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау саласы бойынша өндірген өнімінің көлемі 364,7 млн. теңге немесе НКИ 97,0% құрады. Бұл салада «Тараз Су» МКК сумен жабдықтау және су тарту жүйесі бойынша көрсеткіші орташа 100,8%, «Жасыл Ел» МКК  бойынша 105,4% құрады, ал басқада тұрмыстық қатты қалдықтарды жинаумен айналысатын шағын мекемелердің көрсеткіштері 55,9% болып төмендеген.

Жалпы салық түсімдері мен басқа да міндетті төлемдердің  мемлекеттік бюджеттегі  өнеркәсіп саласының үлесі 30,3%  немесе 2 млрд. 295,5 млн. теңгені құрады (2015 жылы – 41,5% немесе 2 млрд. 307,3 млн. теңге). Қала бюджеті бойынша өнеркәсіп слалсының үлесі 36,0% немесе 657,9 млн. теңгені құрады (2015 жылы – 34,6% немесе 664,3 млн. теңге).

Ағымдағы жылы құны 9 млрд. 800 млн. теңгені құрайтын 3 индустриялдық жобаны іске асыру жоспарланып отыр, онда 130 жаңа жұмыс орындары ашылатын болады. Атап айтсақ: 2016 жылдың 2-ші жартыжылдығында «Казфосфат» ЖШС-ң «Минералды тыңайтқыштар зауыты» Тараз филиалы экстрационды фосфор қышқылын өндіретін (1-кезең) ЭФК-1 технологиялық жүйесін қайта жаңғырту жұмыстарын аяқтайды. Жобаның құны 7 млрд. 700 млн. теңге, қуаттылығы жылына – 220 мың тонна. Жоба бойынша жаңа жұмыс орындары ашылмайды, өздерінің штаттарынан жұмысшылар алынатын болады. Ағымдағы жағдайы: ғимараттың құрылысы 75%-ды, құрал жабдықтарды монтаждау 45%-ды және инвестицияны игеру 50%-ды құрап отыр.

Сонымен қатар, екінші жартыжылдықта «Жамбылгипс» АҚ-ы құрғақ құрылыс қоспаларын және гипс бұйымдарын өндіретін жаңа цехтің құрылысын және қайта жаңғырту жұмыстарын аяқтайды. Жобаның құны 1 млрд. 715 млн. теңге, қуаттылығы жылына – 270 мың тонна. 50 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарлануда. Ағымдағы жағдайы: қальцит цехінің дайындығы 98%, гипс цехі 60%, перлит цехі 25% және құрғақ құрылыс қоспалар цехі 25%, инвестицияны игеру 30% — ды құрап отыр. Жаңа өндірісті іске қосу кезең-кезеңімен жоспарланып отыр. Атап айтсақ: кальцит цехі – 01.06.2016 ж., гипс цехі – 01.10.2016 ж., құрғақ құрылыс қоспалар және перлит өндірісінің цехі – 31.12.2016 жылы.

Қазақстан Республикасы индустрияландыру картасының қайта бекітілуіне байланысты, «Dai LTHY 2013» ЖШС-ң жобасын іске асыру 2017 жылдың екінші жартыжылдығына ауыстырылғандығын атап өткен жөн. Бұл жобаның мақсаты, қой және ірі қара мал терісін өңдеу және хром терісін өндіру. Жобаның құны – 385 млн. теңге, қуаттылығы жылына – 1 млн. дана қой және 360 мың дана ірі қара мал терісі. 80 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарлануда. Қала әкімінің жұмыс сапары барысында   аталған кәсіпорында  иленген қой терісі өндіріліп, бір бөлігін Қытай мемлекетіне жіберуді жоспарлап отырғандары анықталды.

Есепті кезеңінде ауылшаруашылық саласында 163,7 миллион теңгенің өнім өндірілген. Физикалық индекс көлемі 103,2 пайызды құрап отыр. Өткен жылмен салыстырғанда 19,5 млн. теңге (2015 жыл – 144,2 млн. теңге)  артық өнім өндірген. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ет өндірісі 105,7%, тауық жұмыртқасы 100,6% және сауылған сүт 100,1% орындалды. Сонымен қатар, қой – 101,9%, ешкі – 191,4%, жылқы – 102,5% және шошқа – 110,8% құрап өсім көрсетсе, ірі қара мал саны 9,9%, құс саны 37,1%-ға төмендеген.

Ветеринария саласында эпизоотияға қарсы жұмыстар бойынша аусыл ауруына қарсы 1200 бас МІҚ,  1200 бас уақ және 400 бас шошқа малдары мен сібір жарасына қарсы 2550 бас МІҚ, 100 бас жылқы, 200 бас шошқа малдарына вакцина егілді. Сондай-ақ, туберкулез ауруына қарсы 3200 бас МІҚ малдары тексерілді. Бруцеллез ауруына тексеруге 513 бас МІҚ, 488 бас уақ малдарынан қан алынып зертханада тексерілді. Нәтижесінде ауру малдар анықталған жоқ. Жыл басынан 3444 қанғыбас иттер мен мысықтар ұсталынып жойылды.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 6 млрд. 70,3 млн. теңгені немесе нақты көлем индексі 145,6% құрады. Инвестициялардың жалпы көлеміндегі шаруашылық субъектілерінің өзіндік қаражаттары есебінен 5 млрд. 106,4 млн. теңге немесе былтырғы жылмен салыстырғанда 156,2% (2015 ж. – 3268,3 млн. теңге),  бюджеттік салымдар —  390,9 млн. теңге немесе 75,8% (2015 ж. – 515,9 млн. теңге), банктерден несеиелер және басқа да қарызға алынған қаражаттар – 573,0 млн. теңге немесе 204% құрады (2015 ж. – 280,8 млн. теңге).

Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 39 млрд. 526,5 млн. теңге немесе 2015 жылмен салыстырғанда 6,5 млрд. теңгеге жоғары, ал нақты көлем индексі 96,9% болды (2015 жылы 33 004,8 млн. теңге). Көтерме сауда тауар айналымы 25 млрд. 931 млн. теңге немесе 2015 жылмен салыстырғанда 33 млн. теңгеге жоғары, нақты көлем индексі 75,7% болды (2015 жылы – 25 897,9 млн. теңге).  Өткен жылмен салыстырғанда нақты көлем индексінің төмендеуі сатылатын тауарлардың өзіндік құнының өсуіне байланысты болып отыр.

Қалада 30 815  кәсіпкерлік  субъектілері тіркелсе, оның ішінде 25 613 жеке кәсіпкер,  5162 шағын және 40 орта кәсіпорын субъектілері. Шағын, орта бизнес субъектілерімен өндірілген өнім көлемінің үлесі 5 млрд. 003 млн. теңгені құрап, жалпы өнеркәсіп кәсіпорындарымен өндірілген өнімнің 9,6% болды. 5202 шағын бизнес кәсіпорындарының 2935-і жұмыс істейтіндер немесе 56,4%, оның ішінде 1426-ы белсенді кәсіпорындар немесе 27,4% құрайды.

«Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында, 2015 жылы 3 млрд. 438 млн. теңгеге 69 жоба іске асырылса, 2016 жылдың өткен мерзімінде жалпы 1 млрд. 244 млн. теңгеге 13 жоба бойынша жеңілдетілген несие беру келісімдері қарастырылуда.

          Жыл басынан бері баға және тұтыну тауарлары мен қызмет көрсету тарифтері  3% — ға, азық-түлік тауарлары – 3,4% — ға, азық-түлік емес тауарлар – 2,8%-ға,  ақылы қызметтер тарифі – 2,6%-ға өскен.

Ағымдағы жылы бағаны тұрақтандыру мақсатында жергілікті атқарушы органдардың тарапынан 1176 тонна ұн қаладағы наубайханаларға арзан бағамен жеткізіліп,  қамтамасыз етілді.  Қалада 7 ауылшаруашылық жәрмеңкелер ұйымдастырылып, өткізілді. Онда азық-түлік тауарлары нарық бағасынан 15-20 пайызға төмен сатылды. Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар негізгі азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру және тауарларға қойылатын үстеме бағаны 10 пайыздан асырмау жөнінде Тараз қаласы әкімдігімен 254 сауда орындарының басшылары арасында меморандумға қол қойылды. Қаланың 5 ірі сауда орындарында және «Тараз сауда-саттық компаниясының» 10 сауда павильондары арқылы  аз қамтамасыз етілген отбасыларға күніне 1000 дана тегін нан таратылуда.

2016 жылы мемлекеттік бюджетке 7 млрд. 576 млн. теңге салық және басқада міндетті төлемдер түсіп, жылдық жоспар 103,6%-ға орындалды. Оның ішінде республикалық бюджетке 2 млрд. 835 млн. теңге немесе 106,9%, жергілікті бюджетке – 4 млрд. 577 млн. теңге немесе 115,7%. Жергілікті түсімдердің ішінде облыстық бюджетке – 2 млрд. 751 млн. теңгеге немесе 115,5%-ға, ал қалалық бюджетке  1 млрд. 826 млн. теңгеге немесе 116% орындалды.

2016 жылы бюджеттің шығыс бөлігі  трансфертерді  қоса есептегенде 7 млрд. 042 млн. теңгені құрап, 97,0% игерілді.

Азаматтардың мүлкін жария ету бойынша бүгінгі күнге барлығы 1659 арыз тіркелді, оның 14 млн. 131,4 мың теңге болатын 1599 құжатқа мүлікті жария етуге оң шешім қабылданды, 60 құжаты кері қайтарылды.

         Қаладағы жалпы білім беретін 58 мектептің 2535 сыныбындағы 60 588 оқушыны 5386 мұғалім оқытады. 2014-2015 оқу  жылмен салыстырғанда оқушылар саны 2743 балаға өскен.

Оқушыларға қолайлы жағдай жасау үшін, 2016 жылға мектептерді күрделі жөндеуге республикалық бюджетінен өнірлердің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге 600,5 млн. теңге  және «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарлама аясында жоғарғы бюджеттерден 379,2 млн. теңге трансферттер бөлінді. Осы қаражат есебінен қаладағы № 7, 24, 32, 37, 56-ші мектеп ғамараттары жөндеуден өтетін болады. Сонымен қатар, қала бюджеті есебінен 51,7 млн. теңге бөлініп, №1, 10, 16, 22, 41-ші және Қайназаров көшесіндегі №8 мектептің ғимараттарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Метептерде компьютермен қамтылған оқушылардың көрсеткіші 12 оқушыға 1 компьютерді құрады. Мектептердегі модификациялы сыныптардың саны 102 бірлікті құрады. Оның ішінде химия – 20 немесе 37%, физика және биология – 22-ден немесе 40,7%, лингафондық немесе мултимедиялық сыныптар – 38 немесе 65,5%-ды қамтыды. Ағымдағы жылы №45 мектептің пилотты 12 жылдық білім беру жүейсіне көшу үшін    15-интерактивті «Зерек» тақталары сатып алынатын болады. Сондай-ақ, №19, 55 мектептерге оқушыларды тасымалдау үшін 2 автобус  және психологиялық медициналық педагогикалық консультациясына шағын автобус алынатын болады.

Аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан 9771 баланы ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшін 224,2 млн. теңге және мектеп формасымен қамтамасыз етуге 85,9 млн. теңге, сонымен қатар 23 142 баланы жазғы демалыспен қамтуға 130,8 млн. теңге бөлінді.

2015-2016 оқу жылында барлығы 2100 түлектің 1498-і ҰБТ-ға қатысуға өтініш білдіріп отыр, немесе 71,3%. «Алтын белгісіне» үміткер саны – 33 (2015 ж. – 38), үздік аттестатқа – 16 (2015 ж. – 7). Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындау мақсатында тоқсан сайын кешенді байқау тест алынып, 2016 жылдың ақпан айында алынған сынама тестілеудің орта балл көрсеткіші 91,5 балды құрады.

Қалада 43 мемлекеттік балабақша, 22 шағын орталық  және 24 жекеменшік балабақшалары қызмет атқарады, онда 17 721 бала тәрбиеленуде. 1 мен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі білім беру мекемелерімен қамту 64,2% (облыстық көрсеткіш 53,4%), 3 пен 6 жас аралығындағы баларды қамту 82,3% (облыстық көрсеткіш 75,0%).

Балабақшаларды күрделі жөндеуден өткізу үшін республикалық бюджетінен өнірлердің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге 99 млн. теңге  және «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарлама аясында жоғарғы бюджеттерден 144,3 млн. теңге бөлінді. Осы қаражат есебінен №6, 7, 21-ші балабақша ғимараттары жөнделетін болады. Сондай-ақ, қала бюджетінен №2, 4, 11-ші балабақша ғимараттарын ағымдағы жөндеуден өткізу үшін 30 млн. теңге бөлінді.

«Балапан» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылы 530 орынды құрайтын 2 балабақшаны іске қосу жоспарлануда. Атап айтсақ: бюджет қаражаты есебінен «Салтанат» мөлтек ауданындағы 280 орынды балабақша және «Зербұлақ» маңынан 250 орынды жеке балабақша.

Жалпы алғанда 2016 жылы әлеуметтік салаға 20 млрд. 673 млн. теңге немесе қала бюджетінің 70 пайызы жоспарланған. Оның ішінде жұмыспен қамту және әлеуметтік қамтамасыз ету шығындарына 1 млрд. 678 млн. теңге қарастырылған.

2016 жылдың есепті кезенде жалпы 1208 адам жұмыспен қамтылған, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына — 660 адам, жаңадан пайда болған жұмыс орындарға – 123 адам,  маусымдық жұмыстарға – 548 адам, әлеуметтік жұмыс орындарға – 37 адам, жастар практикасына — 81 адам, ақылы қоғамдық жұмыстарға – 430 адам орналасты. 1107 адам өтініш білдірсе, оның 778 уәкілетті органымен тұрақты жұмыспен қамтылды немесе 70,3% (облыстық орта көрсеткіші 62,1%).

Қазіргі уақытта жұмыссыздық деңгейі 5,8%, кедейшілік деңгейі 0,4%, ең төменгі күн көріс деңгейі 18 282 теңге, орташа номиналды айлық жалақы 90 653 теңгені құрады.

«Жұмыспен қамту жол картасы — 2020»  бағдарламасы бойынша жалпы 1 млрд. 636,3 млн. теңге бөлініп, 933 адамды жұмыспен қамту жоспарланып, есепті кезенде 59 адам қамтылды. Қала бюджетіне 2 мектеп пен 2 балабақша ғимараттарын күрделі жөндеуге 523,6 млн. теңге, кадрларды кәсіптік даярлауға, жалақыны ішінара субсидиялауға және жастар практикасына жалпы 42,4 млн. теңге бөлінді. Облыстық бюджет бағдарлама әкімшілері арқылы 1 колледжінің және  13 денсаулық сақтау, 2 әлеуметтік, 1 мәдениет салаларындағы ғимараттарын жөндеуге 636,3 млн. теңге бөлінді.  Бағдарламаның екінші бағыты бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілерге микрокредит беру үшін 444 млн. теңге қарастырылған.

Есепті кезеңде жалпы көлемі 1 млрд.  033 млн. теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізіліп, былтырғы жылмен салыстырғанда 38,2% құрап отыр (2015 ж. – 2 млрд. 636 млн. теңге). Оның ішінде мемлекеттік меншігіндегі нысандар бойынша құрылыс жұмыстары сатистикалық есебінде көрсетілмеген, ал қаржы есебінде игерілген сомасы 760,8 млн. теңгені құрайды. Жалпы 2016 жылдың даму бюджетінде нақты құрылыс нысандарға бөлінген сомасы 10 млрд. 166 млн. теңгені құрайды.  Оның ішінде биыл іске қосылатын 16 нысандардың сомасы 7 млрд. 457,9 млн. теңге.

2016 жылдың І-ші тоқсанында 33,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2015 жылға қарағанда 129,3%.

«2020 жылға дейінгі  өңірлерді дамыту» бағдарламасының  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту тетігі бойынша көппәтерлі тұрғын үйлерге 435 ортақ жылуды есептеу құралдарын орнату жоспарлануда. Ағымдағы жылы бағдарлама аясында жөндеуден өткен тұрғын үйлердің пәтер иелерінен қаражаттарды қайтару жолымен жұмыстар жүргізілетін болады. Осыған орай, кестеге сәйкес 78 үйдің тұрғындарымен жиын өткізілді.

Аталған бағдарлама басталған кезде 684 кондоминиум нысандары жөндеуді қажет ететін, бүгінгі күнге 163 үйге жөндеу жұмыстары жүргізілген. Қазіргі таңда  күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминиум нысандары 521 үй немесе 76,2% құрап отыр.

2016 жылдың есепті кезенде ирригация жүйелері бойынша 6 каналдардың («Тайвань» алқабындағы дренажды канал, «Қарасу-2», «Қапал», «Сеңкібай»,  «Үшбұлақ», «Түйте» каналдары) 8 960 метрін құрайтын 15 учаскесі және қала көшелеріндегі 15 500 метр арық жүйелері мен құбыр өткелдері тазаланды.

Қаладағы көшелерді жарықтандыру және электр желілеріне қызмет көрсету жұмыстары тұрақты қамтамасыз етуде. Жалпы жарықтандырылған көшелердің саны – 186, мөлтек аудандар – 12, тұрғын алқаптар – 5, жалпы ұзындығы – 476,82 шақырым. Жарық шамдарының саны – 12420 дана. 2016 жылға осы салаға 471,1 млн. теңге бөлініп, өткен үш айында 212,1 млн. теңгесі игерілді.

Сумен қамтамасыз ету бойынша 2016 жылға 227 млн. тенге бөлініп, игерілгені 71 млн. тенге. Калада су жүйелерінің ұзындығы – 526,03 шқ, ал су бұру жүйелері – 288,66 шқ құрайды.

2016 жылға Тараз қаласының жолдарын жөндеу және құрылыс жұмыстарына 2 млрд. 650,2 млн. теңге қаржы қарастырылса, өткен үш айында 969,4 млн. теңгесі игерілді. Бұл қаржы есебінен 2015 жылдан өтпелі нысандар бойынша жұмыстар жалғасуда, ал қалған нысандар бойынша мемлекеттік сатып алу конкурстары жүргізілуде.

2016 жылдың үш айында Тараз қаласы халқының табиғи өсімі 1011 адамды құрады немесе 1512 нәресте дүниеге келіп, қайтыс болғандар саны 501 адам. Бүгінгі күнге халық саны 363 926 адам.

Қаладағы медициналық мекемелерде дәрігерлер саны 1385 бірлік немесе кадр тапшылығы 53 маманды құрап отыр. Былтырғы жылмен салыстырғанда 10 мың адамға шаққанда дәрігерлермен қамтылу көрсеткіші 99,8% құрады (2016 ж. – 45,8; 2015 ж. – 45,9 промиль).

Статистика мәліметтері бойынша өткен жылы  ана өлімі тіркелмесе, 2016 жылдың есепті кезенде 1 факт тіргелген. Нәресте өлімі 28 оқиғаны құрап отыр (2015 жылы – 16). Нәресте өлімінің негізгі себебі болып, жүктілік кезінде әйелдердің науқастануына және басқада кездейсоқ жағдайларға байланысты.

2016 жылдың үш айында жалпы әр түрлі 96 мәдени көпшілік іс-шаралар өткізіліп, оған 53 840 адам қатысты.

Спортпен айналасушы азаматтар саны 94169 адамды құрады немесе жалпы тұрғындардың санының 25,9%. Спорт бөлімі тарапынан 19 іс-шара өткізіліп, оған барлығы 2852 спортшы мен қала тұрғындары қатысты.

 

Жыл басынан қала көлемінде жалпы әр түрлі 3341 қылмыстық істер тіркеліп (2015 ж. – 3449), өткен жылға қарағанда қылмыс 3,1% төмендеп отыр. Оның ішінде жалпы 175 ауыр қылмыстық істер тіркеліп, өткен жылғыдан 18,2% кеміген (2015 ж. — 214), олардың ашылу деңгейі 66,7% құрап отыр (2015 ж. – 47,6%). Осы жылы жасалған қылмыстардың ішінде  қасақана кісі  өлімі 50%-ға, пәтерлерді тонау 9,3%-ға өссе, қалған қылмыстар бойынша төмендеу байқалады.

Жыл басынан қалада 99 жол көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 2 адам қаза болып, 158 адам әр түрлі дене жарақатын алған. 2015 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда жол көлік оқиғасы 3%-ға төмендесе, ал  дене жарақатын алғандар 22,5% өсіп отыр. Кісі өлімі өткен жылдың денгейінде қалып отыр (2 оқиға).

 

Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!